«Қазақстан» ұлттық арнасының редакторы Нартай Аралбайұлы бүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенттер сарайында журналистер, осы мамандықта білім алушылар және баспасөз хатшыларымен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
910
0
18 қыркүйектен бастап барша қызылордалықтар «Қала күні» мерекесін атап өтуде.
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
21 қыркүйек 2017 г.
2 794
0
Аптаның сейсенбісінде Сырдария аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Дала ди- дары» халықтық мәдени үгіт бригадасы іскер азамат Марат Бисенов басқаратын Ақжарма ауылындағы іргелі шаруашылықтың еңбеккерлеріне ар- нап концерттік бағдарламасын ұсынды. Сыр салысын өсірушілерге арналған көңілді шара «Ақжарма-2» шаруа қожалығының қырманында ұйымдастырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
592
0
Кеше облыс әкімдігінде Цифрландыру мәселелеріне арналған актив жиыны өтті. Жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.Аймақ басшысы цифрлы технологиялардың маңызына тоқталып, өңір экономикасын дамыту үшін де олардың ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
2 751
0
Қыркүйектің 27-29 күндері Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фольклорлық музыкалық өнер фестивалі өтеді. 2006 жылдан бері 3 жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан фестиваль биыл 4-рет бауырлас халықтардың өнерпаздарын Қорқыт баба тыныс тапқан қасиетті мекенге жинамақ. Дәстүрлі шара халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылуда. Оған түркітілдес 10 елдің өкілдері қатысады. Сонымен бірге қазан айында халық батыры Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы мен батырлық дастан орындаушылардың байқауы өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова мәлімдеді.
ҚОҒАМ
21 қыркүйек 2017 г.
771
0
Кеше қала күнінің аясында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, игі шараға үлесін қосты.
ЖАРНАМА
21 қыркүйек 2017 г.
1 579
0
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде онлайн акция болып өтті. Оған қала бойынша 15 мектептен 30-дан астам өзге этнос өкілдерінің оқушылары және олардың жетекшілері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
636
0
2017 жылғы 19-шы қыркүйекте «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында қоғамдық қабылдау өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
455
0
Биылдан бастап ішкі істер органдарына үміткерлер конкурс пен тағылымдама негізінде жұмысқа қабылдануда. Полиция қызметкерінің іскерлік қабілетін анықтау, оларды іріктеу, кандидаттарды тестілеуден өткізу Ұлт жоспарының 28-қадамында нақты айтылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қалижан Қобландин мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
524
0
«Шұғыла» балабақшасында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен және Қалалық білім бөлімі мамандарының, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының Қазақстан қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал өкілінің және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, балабақша меңгерушілерінің қатысуымен кездесу жиыны өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
512
0