Егіншілерге ерекше тарту

Аптаның сейсенбісінде Сырдария аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Дала ди- дары» халықтық мәдени үгіт бригадасы іскер азамат Марат Бисенов басқаратын Ақжарма ауылындағы іргелі шаруашылықтың еңбеккерлеріне ар- нап концерттік бағдарламасын ұсынды. Сыр салысын өсірушілерге арналған көңілді шара «Ақжарма-2» шаруа қожалығының қырманында ұйымдастырылды.
Әсем әнмен әспеттелген концерттік бағдарлама «Сырдария» квартетінің орындауындағы «Қырманға кел, қалқатай» атты танымал әнмен басталды. Мұнан кейін «Дала дида- ры» халықтық мәдени үгіт бригадасының мүшелері Сәбит Наурызбаев, Әділ Ерғали, Әлия Бақытбекова, Ақбота Талғатовалар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттердің орындалу ба- рысы туралы мағлұмат берді. Өңірдегі ілкімді істерді тізбектеген олар Сырдария ауданының ауылшаруашылық саласындағы бағындырған белестері мен жетістіктерін жеткізді. Сондай-ақ, дала еңбеккерлеріне арналған өлеңдер оқып, егіншілердің мерей-мәртебесін асқақтатты.
«Ел ырысы – ақ күріш» тақырыбында өрбіген шара барысында ауданға белгілі та- лантты әншілер А.Садықов пен Д.Жұбанышұлы патриоттық әндер орындап, концерттік бағдарламаны көрушілерге шабыт сыйлады. Жас әншілер Д.Палмахов пен Н.Тұранов та қызу еңбек жүріп жатқан қырман даласын әсем Құрмет Аптаның сейсенбісінде аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Дала ди- дары» халықтық мәдени үгіт бригадасы іскер азамат Марат Бисенов басқаратын Ақжарма ауылындағы іргелі шаруашылықтың еңбеккерлеріне ар- нап концерттік бағдарламасын ұсынды. Сыр салы- сын өсірушілерге арналған көңілді шара «Ақжарма-2» шаруа қожалығының қырманында ұйымдастырылды. әнге бөледі. Аудан өнерпаздарының игі іске үн қосқанына «Ақжарма-2» шаруа қожалығының кадр бөлімінің басшысы Н.Дүйсенова риза болып, жұмысшылардың атынан алғыс білдірді. Өз кезегінде күрішшілер қауымы үстіміздегі жылғы егін науқаны ойдағыдай өтіп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, 2012 жылы құрылған Ақжарма ауылындағы шаруашылықта қазіргі таңда 300-ге жуық азамат жұмыс жасауда. Олар алты бригадаға бөлініп, биыл 2350 га жерге күріш еккен. Бүгінгі таңда жоспарланған меженің 50 пайызы орындалған. Іскер басшы Марат Алдабергенұлы жетекшілік ететін шаруашылықтың тірлігі тындырымды жұмысшылары жылды табысты аяқтауды көздеп отыр.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ, 
"Тіршілік тынысы" газеті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2017 г. 592 0