Журналистер мерекесіне орай бүгін «Сыр медиа» ЖШС БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Елібай Жікібаев пен жас журналист Сара Омарованы еске алуға арналған шахмат пен дойбы ойындарынан турнир ұйымдастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 маусым 2017 г.
1 071
0
Күн аралатып жарық көретін облыстық басылымның қат-қабат тіршілігін тілшілермен тең атқарып жүрген қызметкерлерді оқырман қауым тани бермейді. Олар – терушілер, корректорлар, бет жасаушы дизайнерлер. Егер жұмыс барысында осы қызметкерлердің бірі болмай қалса, сол күнгі нөмірді шығаруда әжептәуір қиындықпен бетпе-бет келіп жатамыз. Басылымда 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Бисенкүл Қарабөпенің редакциядағы жұмысы корректорлықтан басталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 маусым 2017 г.
960
0
«Аяғы асырайтын» журналис¬тер қауымының жұмысы қай кезде де оңай болмаған. Қашанда тынымсыз ізденіс үстінде, мәселені зерттеп-зерделеу бағытында іссапарларда зыр жүгіріп, ой қорытумен жүретін жаңалық жаршыларының басынан өткізер қызықты жайттары да аз емес. Жазушы-журналист Несібелі Рахмет баспасөз қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында сондай қызықты оқиғаларға құралған бір топ мөлтек әңгімесін редакциямызға әкелген еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 маусым 2017 г.
1 175
0
Қалам ұстаған әрбір жұмырбасты пенде үшін ең үлкен бақыт – өз оқырманының болуы. Оқырман жүрегіне жылт еткен сәуле ұялатып, ұмытылмастай әсер қалдыру үшін қаламыңның желімен қоса айтар ойыңның қорғасындай салмағы болуы керек. Салмақты сөздің өрнегін сарабдал мінез, салиқалы ой-пікірдің иесі ғана тоқып шығарары тағы кәміл. Осы тұрғыдан келгенде біздің Баян апайымыз өз оқырманын тапқан жан.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 маусым 2017 г.
740
0
«Хабар» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Нұрлан Жақыпбековпен төл мереке қар саңында ортақ іс пен жауапкершілік жөнінде аз-кем әңгімелестік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 маусым 2017 г.
986
0
Заман айнасы – замандас ғой, дүниеде дидар ғайыпқа не жетсін! Қасымызда қаншама қағылез жан жүр, оларды барында бағаламаған соң бәрі бекер ғой, жақсының қаді¬ріне үнемі жетпей тұрамыз. Кеш түсіну, ерді елеуден енжар қалу әсілі, үйреншікті әдет секілді. Былайғы қауымға жас көрінгенмен, ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып тұратын жайсаң жігіттерді назардан тыс қалдырмау керек. Парыз бен қарыздың өтеуі өмірлік ұстанымына айналған абыройлы азамат Нұрлыбек Шахметовпен болған әңгіме де «ер жігіт – елінің ұлы, намыстың құлы» деген ойдың оябында жүрді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 маусым 2017 г.
1 238
0
Белгілі қаламгер, кейінгі буын – шәкірттеріне ұстаз бола білген белгілі журналист Елібай Зұлқарнайұлы Жікібаевтың есімі оқырмандарға жақсы таныс. Сыр журналистикасында өзіндік орны бар қаламгер Елекең өткен жылдың күзінде 60 жасында дүниеден озған еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 маусым 2017 г.
1 064
0
Өліге қоныс, тіріге өріс атамекеннің киелі топырағы – тұнған шежіре. Ғұннан бергі ғұмыр, сақтан, оғыз-қыпшақтан бергі саналуан тағдыр – ғасырлар бойғы тұрмыс тіршілігіміздің тіні. Соқпақты замандардың сақтиян сырларын сақтаған Сырдың бойында қалың жұртына шапағатшы болған, көкірек шырағымен өмір келбетіне шырақ жаққан Қожа Ахмет Ясауи, Әбдіжәлил баб, Түмен баб, Арыстан баб, Қорқыт баба, Қарабура секілді әулиелер өткен.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 маусым 2017 г.
1 423
0
Кино – жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын үлкен құралдардың бірі болып саналады.Кино – кез келген мемлекеттің мәдениеті, ұлттық болмысы, түрлі ұстанымдары мен көзқарасының айнасы деуге болатын шығар. Себебі, кез келген киноның көрерменге жеткізгісі келетін өзіндік ойы, мақсаты бар құнды туынды. Иә туынды... Ол бір жазушының шығармасынан немесе кинорежиссердің қиялынан туып, өз кейіпкерін сомдаған актердің шеберлігінің арқасында жарық көретін бірнеше өнердің қосындысы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 маусым 2017 г.
1 147
0
“Әннің де естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағын кесері бар”. Расында, кейде даңғаза эстрададан гөрі дәстүрлі ән жанға жақын сезіледі. Алайда, қазір жас әншілердің басым бөлігі эстрадалық әндерді орындауға құмар. Қазақтың қара домбырасын қолға алып, алты қырды асыра ән салатын жастардың шоғыры аз. Сол санаулылардың қатарына ұлттық нақышты, ұлттық бояу¬ды жоғалтпауға тырысатын талғампаз әнші Жарасхан Төлебай кіреді. Себебі, халық әндерін ерекше құрметтейтін өнерлі өреннің “Балқурайды”, Жаяу Мұсаның “Ақ сисасын” тамылжыта орындауы тыңдарманын талай мәрте сүйсіндірген. Мектеп қабырғасынан-ақ, музыкаға жақын болған Жарасхан бүгінде – дәстүрлі әндердің дарабоз орындаушысы. Жуырда республикалық, облыстық байқауларда оза шауып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас әншімен дәстүрлі өнер төңірегінде әңгіме өрбіткен болатынбыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 маусым 2017 г.
860
0