Өңірдің өткен тарихын айқындай түсті

Елбасымыздың «Егемен Қазақстан» газетіне «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласы облыстың архивистеріне үлкен серпіліс берді. Президент атап өткендей, 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы аясында әлемнің белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2017 г. 468 0
КЛУБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ

КЛУБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ

Мәдениет – ұлттық құндылықтарымыздың алтын өзегі. Әсіресе елді мекендердегі мәдениет ошақтары ауыл тұрғындары мен жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу жолында түрлі мәдени шаралардың ұйытқысы болуда. Қазіргі таңда мәдениет үйлері жанынан үйірмелер мен бірлестіктер жұмыс жасап, клуб мекемелері де қызмет түрлерін талапқа сай жақсартуда. Осы орайда Жалағаш ауданында «Мәдениет өркенін бізбен бірге жаса!» атты клуб қызметкерлерінің облыстық командалық байқауы өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2017 г. 755 0
НҰРЛЫ ЖЕР: 15 ЖЫЛДА 1,5 МИЛЛИОН ОТБАСЫ  БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

НҰРЛЫ ЖЕР: 15 ЖЫЛДА 1,5 МИЛЛИОН ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Үкімет өткен жылдың соңында Елбасы тапсырмасымен «Нұрлы жер» бірыңғай тұр¬ғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеген еді. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қол-жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арнал¬ған. Елбасы биылғы Жолдауында «Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған» деген болатын. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2017 г. 681 0
ЕРЛІК ӨШПЕЙДІ, ЕР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІК ӨШПЕЙДІ, ЕР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Мәскеуді жаудан қорғап, соғыста ерлік көрсеткен майдангерлерге құрмет ретінде өткен жылдан бастап, «Мәскеу үшін шайқасқа – 75 жыл» төсбелгісі табысталып келеді. Мерейтойлық медаль қызылордалық үш ардагер Бөрібай Құлманов, Әбдіраман Әбішев және Кеңесбай Қалиевке берілді. Ресейдің Алматыдағы бас консулы Алексей Демин төсбелгіні табыстау үшін жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2017 г. 826 0

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ОЙ САНАНЫҢ КЕМЕЛДЕНУІ

Аймағымыздағы келер ұрпақ¬тың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағ¬дар: рухани жаңғыру» мақаласын ықыласпен  түйсіне оқығаны анық. Олай дейтінім, мақалада «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2017 г. 3 454 0

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕГЕ САЙ КЕЛЕДІ

Тәуелсіздігін ширек ғасыр ғана бұрын алған еліміз бүгінде саяси және экономикалық жаңғыруларды тиімді жүзеге асырып келеді. Бірақ әлемдік жаһандану үдерісінде экономикалық әл-ауқаты ғана емес, сонымен қатар, рухани жаңғыру мен ұлттық сана да бәсекеге түсетін уақыты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2017 г. 1 071 0

ҚОҒАМДЫҚ САНА ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Иә, заман өзгерді. Осыған сәйкес адамдар психологиясы да өзгерістер үстінде. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүние танымымызда әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен терезе теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Заман талабына сай икемделу керектігін Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айрықша атап көрсеткен. Шындығы сол, жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру керек екені даусыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2017 г. 715 0
PDF 12 сәуір 2017 г. 699 0
Іскер әйелдер кеңесі 200 адамды оқытты

Іскер әйелдер кеңесі 200 адамды оқытты

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі «Әйелдерге арналған кәсіпкерлік апталығында» 200-ден астам қыз-келіншекті тегін оқытты. Бұл туралы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова айтты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2017 г. 514 0
Ғылыми қызметкерлер мен жас ғалымдар марапатталды

Ғылыми қызметкерлер мен жас ғалымдар марапатталды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 12 сәуір – Қазақстан Республикасының Ғылыми қызметкерлер күніне арналған «Аймақ экономикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мәселелері мен келешегі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректор А.Т.Жүнісов ашты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2017 г. 678 0