ЖАҢА ЖҮЙЕГЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыс әкімінің баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Қазалы ауданындағы дәрігерлерік қызмет  және елімізде енгізілгелі жатқан міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін тұрғындар арасында насихаттау, түсіндіру аясында жасалып жатқан шаралармен және «Емханаға тіркел де, әлеуметтік мәртебеңді анықта!» ұранымен  өткізіліп жатқан науқанның өту барысымен танысуға арналған баспасөз туры өтті. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2017 г. 863 0

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ: болжамдар мен дәйектемелер

2017 жылы Қазақстан экономикасы неге үміт арта алады? Халықаралық валюта қоры қандай болжамдар айтады? Осы сауалдардың жауабы тұтастай алғанда ел экономикасының таяу болашақтағы даму мүмкіндіктерін айқындайтын негізгі факторлардың бірінен саналады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2017 г. 824 0

Сырдария ауданында егін егу жұмысы қарқынды жүруде

Сырдария ауданы бойынша 2017 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасы облыс әкімімен бекітілген. Бекітілген сызбаға сәйкес, үстіміздегі жылы 29041 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленіп отыр. Оның ішінде күріш 17400 гектар, жаздық бидай 720 гектар, жүгері сүрлем 200 гектар, мақсары 300 гектар, картоп 308 гектар, көкөніс 187 гектар, бақша 320 гектар, жаңа жоңышқа 2906 гектар және ескі жоңышқа 6700 гектар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2017 г. 723 0

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫН САРАЛАДЫ

Сәрсенбі күні облыстық сайлау комиссиясының ашық отырысы өтіп, онда  2016 жылы атқарылған жұмысы мен 2017 жылға жұмыс жоспары талқыланды. Отырысты ашқан облыстық сайлау комиссиясы төрағасының  орынбасары Қорғанбек Қайруллаұлы комиссия құрамындағы өзгеріс жайлы хабарлады. Қазақстанның патриоттары партиясы қызметінің тоқтатылуына байланысты осы партияның өкілі болып табылатын облсайлауком мүшесі Руслан Чагай өз міндеттерінен босатылып, облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 ақпандағы сессиялық шешімімен «Туған жер» қоғамдық бірлестігімен ұсынылған, 1977 жылы туылған, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқаратын Бағдат  Бердәулетов сайланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2017 г. 555 0

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

Сыр елінің жастары 18 сәуірден бастап Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету шараларын ұйым¬дастыруда. Аталған мәселеге байланысты «Жастар ресурстық орталығы» КММ көмек қабылдау пункті ретінде жұмыс жасайды. Мұндай орындар барлық аудандарда ашылған. Өңір жастарының айтуынша, қайырымдылық көрсетуде жергілікті кәсіпкерлер мен жомарт жандар белсенділік танытуда.  Олар аталған орынға азық-түлік, жылы киім мен басқа да тұрмысқа қажетті тауарлар әкеліп тапсыруда. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2017 г. 584 0

ОТАРЛАП ҚОЙ ӨРГІЗГЕН

«Мал баққанға бітеді» дейтін аталар сөзінің бекер еместігін уақыт қайтара дәлелдеп отыр. Расы да сол ғой, қарамасаң, қораңа қара бітуі қиын. Қаршадайынан мал шаруашылығының арасында жүрген Әбдіманап өз балалары жігіт болған соңғы жылдары мал өсіруге шындап ден қойды. Әуелгіде уақ малдың басын көбейтіп, оны өз төлі есебінен молайтқан жігіт ағасы бертінде бірыңғай ірі қара малын өсіруге бет бұрды. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2017 г. 558 0

ӨҢІРДЕ ТАСҚЫННАН ҚАУІП ЖОҚ

Мұндай мәлімдемені өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Арал-Сырдария» бассейндік су шаруашылығы инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Саид Молдақараев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев жасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2017 г. 703 0
ЕЛ АЛҒЫСЫ ЕРЕКШЕ

ЕЛ АЛҒЫСЫ ЕРЕКШЕ

«Қайырымдылық – қайырлы іс» дейді дана халқымыз. Қайырымды, жомарт, қолы ашық жанды көпшілік абыройлы азамат ретінде мақтан тұтады. Сондай азаматтардың бірегейі облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов екенін Сырдария ауданы жұртшылығы жақсы біледі. Тындырымды тірлігімен көпшілік алғысына бөленген ол қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатып, қиын кезеңде ел жанынан табыла біледі. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2017 г. 882 0
PDF 22 сәуір 2017 г. 614 0
Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 нысандарының дайындығын тексерді

Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 нысандарының дайындығын тексерді

Қазақстан Президенті Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аумағындағы нысандардың дайындығын тексерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2017 г. 628 0