ҚАМДАНҒАНДАР ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ

ҚАМДАНҒАНДАР ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ

Бұған дейін хабарланғандай, Шардарадан жіберілер мол су дарияны тасытуы мүмкін екендігі болжануда. Сәрсенбінің кешінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төтенше жағдайлар штабының жедел мәжілісін өткізіп, тиісті тапсырмалар берген болатын. Бүгінде дария деңгейі бақылауға алынып, өзен бойындағы осал тұстар нығайтылып, қауіпті аймақтардағы қорғаныс бөгеттері қымталып жатыр. Мәліметтерге сәйкес, 30 сәуір күні Шардара су қоймасынан төменге секундына 1600-ден астам текше метр су жіберіледі. Мамыр айының алғашқы он күндігінде бұл көрсеткіш 1800-2000-ға дейін жетуі ықтимал. Осынша мол суды шығынсыз өткізу үшін аймақ басшысы жұмысты жұмыла атқаруымыз қажеттігін тапсырды. Ия, тасқынға тосқауыл қою үшін тас-түйін дайындық жасау керек. Алдын-ала есептеулер бойынша су 375 мың халық тұратын 56 елдімекенге қауіп төндіруі ықтимал. Ауыл шаруашылық жерлері мен малшылар қоныстарына да өз зардабын тигізбей қоймайтыны анық. Аймақ басшысы штаб отырысында аудан әкімдері мен жауапты мекемелерге барлық көмектің жасалатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, мол суды көлдер мен каналдарға, жайылымдық-шабындық жерлерге жіберуде тиянақтылық қажеттігіне баса назар аударды. Әрине, мал-жанның амандығы үшін бар мүмкіндік іске қосылуы тиіс. Ел болып, бірлесе әрекет етсек, бұл қиындықты да еңсеретініміз сөзсіз. Кеше аймақтағы бір топ БАҚ өкілдері Сырдария, Жалағаш аудандарындағы қолға алынған жұмыстармен танысып қайтқан еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2017 г. 711 0
МОЛ СУҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

МОЛ СУҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

Бүгінде Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегіші тола, енді артық суды қабылдауға мүмкіндігі шамалы. Сәрсенбіде аймақ басшысы осы мәселеге байланысты шұғыл жиын өткізді. Аудан әкімдері мен басқарма басшыларына қатаң тапсырмалар берді. Осы дүмпудің әсері ауыл-ауылдарды да шарлап, жергілікті жұрт етек-жеңін жинай бастаған секілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2017 г. 680 0
Елбасы мақаласы - Мәңгілік ел идеясына апаратын дара жол

Елбасы мақаласы - Мәңгілік ел идеясына апаратын дара жол

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің ұжымы Елбасының Ұлы дала елін жаңа қадамдарға жетелейтін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұстанымдарға жылы лебіз танытып, қолдау білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2017 г. 797 0
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бюджетке жеңілдік әкеледі

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бюджетке жеңілдік әкеледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында  «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетов  мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2017 г. 3 623 0
Қазақ емшілігі: сынған сүйекті отасыз орнына салу

Қазақ емшілігі: сынған сүйекті отасыз орнына салу

Қазақтың оташылық (сынықшылық) өнері әлемде сирек кезігетін ғажап өнер. Қытайдың Алтай аймағы Бурылтоғай ауданында тұратын Мәулітшәріп Қабаұлы – осы өнермен мықтап айналысқан емші. Төменде сол емшінің «Қазақ емшілігі» деген кітабынан сынықшылық туралы жазбаларын жариялауды жөн көрдік.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2017 г. 807 0
ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН БОЛУҒА ЖҰМЫЛА КІРІСТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН БОЛУҒА ЖҰМЫЛА КІРІСТІ

Кеше және бүгін Жаңақорған ауданын тұрғындары су қаупінің алдын алуға жұмыла кірісті.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2017 г. 639 0
Заңдар сапасы еліміздің тұрақты дамуына жол ашады

Заңдар сапасы еліміздің тұрақты дамуына жол ашады

Сапалы жазылған заңдар еліміздің тұрақты дамуына жол ашады, бұл мәселе кәсіпкерлер үшін маңызды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2017 г. 551 0
Жол полицейлеріне таяқша керек

Жол полицейлеріне таяқша керек

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Ақылбай таяқшасы жоқ полицейлерге әлі көз үйренбегенін айтып шағымданды. Бұл туралы депутат журналистерге Сенатта өткен үкімет сағатынан кейінгі кулуарда айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2017 г. 612 0

Нұрым Аязбаев: МЖС-бизнес үшін таптырмас мүмкіндік

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ҰЭМ Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту департаментінің директоры  Нұрым Аязбаевтың қатысуымен «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мемлекет пен бизнес арасындағы сұхбат» тақырыбында кезекті «Шынтөбе»  пікірталас клубының отырысы өтті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2017 г. 1 285 0
М.Жайымбетов: «Нұрлы жер» 15 жылда бәріңізді баспанамен қамтиды

М.Жайымбетов: «Нұрлы жер» 15 жылда бәріңізді баспанамен қамтиды

«Өз үйім – өлең төсегім» дейтін әр адам үшін өзіне тиесілі тұрғын үйдің болуы басты мәселе екені белгілі. Әсіресе, уақыт талабына сай қарқынды дамып келе жатқан еліміздің ірі қалаларында баспаналы болу – көпшіліктің арманы. Халықтың баспанаға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, көптеген шаралар атқарылып келеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2017 г. 559 0