ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Ақылбай таяқшасы жоқ полицейлерге әлі көз үйренбегенін айтып шағымданды. Бұл туралы депутат журналистерге Сенатта өткен үкімет сағатынан кейінгі кулуарда айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
"Менің ойымша таяқша (жезл) болу керек. Түн ішінде жол реттеушінің не көрсетіп тұрғанын қайдан білеміз. Мысалы мен өзім көлік айдаймын. Маған шынымен ыңғайсыз, реттеушінің не көрсетіп тұрғанын түсінбеймін. Ал қолында таяқшасы болса, ол жарқырайды, бағыттары көрінеді. Мүмкін біз әлі үйренбеген шығармыз, көз үйрету үшін де біраз уақыт керек болар”, - деді xалық қалаулысы.
Еске сала кетейік. Қазақстанда полиция қызметкерлері биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап көлікті тоқтату үшін арнайы таяқ (жезл) қолданбайтын болған.