Биыл облыс көлемінде иммунизация апталығы 24 сәуір мен 30 сәуір аралығында жүргізіледі. Бұл акцияның мақсаты – халықтың иммунизация мәселесі бойынша сауаттылық деңгейін жоғарылату, ата-аналар, діни консерваторлары арасында иммунизациялануды міндеттеу, осы жолмен адам денсаулығын сақтау. Қазіргі таңда елімізге сырттан Үндістан, Пәкістан, Ауғанстаннан келгендер жабайы полиомиелит, қызылшаны, пандемия тұмауын және басқа инфекциялық ауруларды Қазақстанға әкелу қаупін туғызады. Осыған орай, эпидемияға тұрақты жағдайды қалыптастыру үшін республикада бірнеше рет балалар мен жасөспірімдерді қызылша, қызамық, полиомиелитке қарсы қосымша вакцинациялау жүргізілуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
1 022
0
«Өрлеу Консалтинг» жастар қоғамдық бірлестігі қоғамда өзекті болып отырған баспана мәселесін шешудің жаңа жолын ұсынады. Қоғамдық бірлестіктің ұсынып отырған «10 теңге – 10 үй» жобасы облыс аумағында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналарға, жастарды баспанамен қамтамасыз ету.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
867
0
30 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық ақтықсайысы басталады. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
645
0
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы биылғы жылы да мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру шарасын жалғастыруда. Жақында палатаның ұйымдастыруымен қаладағы № 1, 3, 4, 5 мектептердің барлығы 120-ға жуық оқушысы «Қазақтелеком» АҚ Қызылорда облыстық филиалының жұмысымен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
492
0
Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысы барысында айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
596
0
24-30 сәуір аралығы облыста иммундау апталығы болып жарияланды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мамандар апталықтың мән-маңызын айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
616
0
Қызылорда облысының «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттары судьяларының қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны» талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
680
0
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференцияда FIGHT NIGHTS GLOBAL 19 мамырда өзінің тарихындағы алғашқы аралас жекпе-жек бойынша жарысын Астанада өткізгелі жатқаны туралы хабарлады. Бұл жарыс тарихта қалады деп күтілуде, өйткені бірден 3 чемпион белдігі ойнатылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
503
0
Қазақстанда FIGHT NIGHTS жекпе-жегі ұзақ уақытқа қалады деген сенімдемін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Гаджиев Гаджи хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
540
0
Соттылығының бары немесе жоғы туралы анықтама беру мерзімі бүгінгі күннен бастап қазақстандықтар үшін 22 күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Композиттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесе отырып, іске қосты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
817
0