Қызылордада Алтын белбеу сайысы басталады

Қызылордада Алтын белбеу сайысы басталады30 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық ақтықсайысы басталады. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8  команда қатысады.
Қазақ күресінен «Түйе палуан»  атанған  спортшы «Сыр Барысы»  атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады.
Бұл сыннан іріктеліп шыққан спортшылар 2 шілдеде Астана қаласында өтетін«Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.  
Жарыстың салтанатты ашылуы сағ. 11.00-де, ақтық белдесулер 11.30-да, «Түйе палуандар» сайысы 13.00-де.
Жарыс соңында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады. (Лотерея билеті тегін)
Барлық қала тұрғындарын жарысты тамашалауға шақырамыз.Кіру тегін.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 сәуір 2017 г. 645 0