Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференцияда FIGHT NIGHTS GLOBAL 19 мамырда өзінің тарихындағы алғашқы аралас жекпе-жек бойынша жарысын Астанада өткізгелі жатқаны туралы хабарлады. Бұл жарыс тарихта қалады деп күтілуде, өйткені бірден 3 чемпион белдігі ойнатылады.
«Кештің ең маңызды оқиғасы - Жалғас Жұмағұлов пен Краснодар күрескері Вартан Асатрян арасындағы ең аз салмақ категориясындағы (57.2 кг) жекпе-жек болмақ. Жалғасқа дәреже үшін жекпе-жекке қол жеткізу үшін самбо күресі бойынша Ресей чемпионы Артур Багаутинов шайқасуға тура келді. Жалғаспен шайқас алаңында кездесуден бұрын жеңіліп көрмеген дағыстандық күрескерге мамандар фаворит ретінде қараған, бірақ «Жако» қаһарлы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жұртты таң қалдырды. Алдағы қарсыласы Вартан Асатрянда осал емес. Ол FIGHT NIGHTS GLOBAL ұйымының дебютында тәжірибелі күрескер және грепплинг шебері Микаэль Силандердан асып түсті. «Жауынгер» шайқасында Әзірбайжан өкілі Эльнар Ибрагимовтан үстем болып, жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіп шықты. Жеңіс Асатрянға чемпиондар жекпе-жегінің қатысушысы болуға жағдай туғызса, ал Жалғас үшін төрт жыл бұрыңғы жеңілісі үшін Вартаннан кек қайтаруға мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар, кештің маңызды жекпе-жектерінің бірінде орта салмақтағы (77.1 кг) чемпион атағы үшін таласта Қазақстан жалауын көтерген Георгий Кичигин мен Ресей спортшысы Гаджимурад Хирамагомедов бетпе-бет кездеседі. Георгий Кичигиннің өткен жылдың соңында-ақ FIGHT NIGHTS GLOBAL чемпионы атануға мүмкіндігі бар еді, бірақ оның қарсыласы Магомед Нуров осы салмақ категориясының шеңберіне кіре алмағандықтан, жекпе-жек кейінге қалдырылды. 19 мамыр күні аралас жекпе-жек жанкүйерлері ұйымның алғаш чемпионының есімін естіп, сонымен қатар 83.9 кг салмақ категориясындағы жеңімпазды біледі. Дәреже үшін жекпе-жек Eagles клубының мүшесі Абусупиян Алиханов пен «Крепость» клубынан шыққан Халид Муртазалиев арасында болғалы жатыр. Олда тартысты өтеріне сенімдімін» деді «FIGHT NIGHTS GLOBAL» компаниясының президенті Камил Гаджиев.