22 наурыз күні барлық елмен бірге қызылордалықтар да Наурыз мерекесін тойлады. Қаладағы орталық алаңда 30 киіз үй мен 6 шатыр тігіліп, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне билет сатып алуға болатын көрме павильоны ұйымдастырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2017 г.
449
0
Құрметті жерлестер! Жер-жаһанға тіршілік нәрін сеуіп, ару көктем алып келген жарқын мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын!
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2017 г.
767
0
21 наурыз күні Қызылорда облысының Жалағаш, Сырдария аудандарында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша актив отырыстары өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 наурыз 2017 г.
599
0
20 наурыз күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында болып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша актив отырыстарын өткізді. Сонымен қатар, аймақ басшысы Арал қаласында аудандық орталық аурухананың іргетасын қалауға қатысты. Қ.Көшербаев аралдықтарды Наурыз мерекесімен және жаңа денсаулық сақтау нысаны құрылысының басталуымен құттықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 наурыз 2017 г.
905
0
19 наурыз күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарының жұмыстарымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 наурыз 2017 г.
639
0
Жылқы жайлы естіп-көрген керемет өте көп. Бүгін соның бірін айтқым келді. Ендеше тыңдаңыз. Басқасын қайдам, қазақ үшін жылқы қасиетті жануар. Сондықтан жеті қазынаның бірі санайды. Қамысқұлақты жануардың жаратылысы да жарасымды, мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдап, сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Ол – адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне бейімді, иесіне шын беріледі. Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Ер Төстіктің Шалқұйрығы, Қамбардың Қарақасқасы соның айқын көрінісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
1 957
0
Жыл сайын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Ресейдің қазағы көп шоғырланған Астрахань облысында да жоғары деңгейде аталып өтіледі. Осы шараның барысы туралы репортажды арнайы «Сыр бойы» басылымы үшін дайындады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
645
0
Сәден қария әңгі¬ме¬шіл кісі еді. Иегін бір сипап қойып, ескіліктің сөзін қоздатқанда жаның жылып, амалсыз иіріліп отыра бересің. Бүгін де бір қызықты оқиғаны баян етпек сыңайда сияқты. Ағаш түбін қопсытып, арық тазалап жүрген кетпен-күректерімізді жан-жағымызға тас¬тай салып, айнала жайғаса кеттік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
1 262
0
Жылда Наурыз мерекесі еліміздің барлық аймағында кеңінен тойланады. Орталық алаңда қаз-қатар киіз үйлер тігіліп, бауырсақ пен наурыз көже пісіріліп, шұбат, қы¬мыз сапырылып, самаурын қайнап бір жасап қаламыз. Жиналған жұртшылық бірге ән айтып, би билеп, алтыбақан тебеді. Білекті жігіттер өзара күресіп, көкпар тартады. Осының бәрі ақшаңқан киіз үйдің айналасында өтетіндігі белгілі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
2 400
0
Наурыз – ғашық жүректердің тоғысқан сәті. Перзент өсіріп, оларды ұясы мен қиясына қондыруды көксейтін қазақта адам ғұмырының көктемі табиғаттың көктемімен астасып жатқан, үйлесім тапқан. Тіршілік жанданып, табиғат біткен ерекше құбылған тұста адам бойында да нәзік бір үміттің оянатыны белгілі. Наурыздағы той-томалақ, басқосулар, думанды кештер әсіресе жастарға айрықша әсер берері сөзсіз. Жігіт біткен арманындағы аруына, бойжеткен қиялындағы ханзадасына көңілін білдірер оңтайлы сәт осы шақ болса керек. Түні бойы алтыбақан теуіп, ауылдың алты ауызын айтып көңілді отырған жігіттер жағы қыздар ұсынар «Ұйқыашардан» дәмелі болса, арулар сайыпқыранның «Селтеткізерін» күтеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
1 147
0