20 наурыз күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында болып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша актив отырыстарын өткізді. Сонымен қатар, аймақ басшысы Арал қаласында аудандық орталық аурухананың іргетасын қалауға қатысты. Қ.Көшербаев аралдықтарды Наурыз мерекесімен және жаңа денсаулық сақтау нысаны құрылысының басталуымен құттықтады.
Біздің өңір әлеуметтік дамуды жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі бойынша республикада алдыңғы орында екендігін атап өткен жөн.
Осы күні Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында кәсіпкерлердің және ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде актив отырыстары өтті. Онда әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытудың және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Микро, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы облыс үшін аса маңызды, себебі ол жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті бюджеттің нығаюына және салық базасының ұлғаюына септігін тигізеді. Бұл мәселе мысалға алдағы уақытта енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздардың, жеке кәсіпкерлердің заңды түрде тіркелуін қажет етеді. Облыс әкімі ауыл халқын бизнестің негізін үйрететін «Бизнес-Бастау» және «Бизнес-Кеңесші» бағдарламаларына мейлінше көптеп тартуды, кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша жаңа жобалар әзірлеуді тапсырды.
21 наурызда шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған отырыстар облыстың Жалағаш және Сырдария аудандарында да өтеді.