Айдынды Аралдың айбынын тайдай тулаған балығы, астың дәмін кіргізер аса сапалы тұзы асқақтата түскенін көне көздер сағына еске түсіреді. Оған мына төмендегі мысал да дәлел болады. Әсем Сыдықова есімді еңбек ардагері қазіргі таңда Орал қаласында тұрады. Сексен жастың сеңгіріне шыққан абзал ана әлі ширақ. Тұлымы желбіреген балау¬са кезінен зейнет демалысына дейін Арал балық комбинатында абыройлы еңбек етті. Өзі ата-баба кәсібін жалғастырған балықшылар әулетінің ұрпағы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2017 г.
756
0
Қысқы аяқ киімнің өз ерекшеліктері бар. Біріміз аяқ тоңбайтынын, енді бірі сәніне, яғни сыртқы келбетіне қарап, тағы біріміз сапасын тексеріп жатамыз. Теріден жасалған аяқ киім ауа өткізіп тұратындықтан, қан айналымын тұрақты ұстайды екен. Демек, ыстықта терлемейді, суықта тоңбайды. Аяқ киімнің тігісіне де мән берген жөн. Тігісі жатыңқы бір тегіс болуына назар салыңыз. Бұл кішкентай балақайлардың ата-анасына айтыл¬ған бірер ке¬ңес. Ал ересектер аяқ киім сатып аларда нені ес¬керген жөн?
ТАНЫМ
21 ақпан 2017 г.
4 071
0
Жапондықтар бала тәрбиесіне аса назар аударады. Олар «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөздің шындық екенін өздерінің ерекше тәлім-тәрбие беру тәсілдерімен дәлелдеуде. Мұнда бала туылған бойдан анасы оны көкірегіне не арқасына арнайы орамалмен байлап, үнемі қасына алып жүреді. Бұған қоса, өзінің не істеп жатқанын, ойларын, сезімдерін, эмоцияларын бала еститіндей дауыстап айтып жүреді. Бұл тәсіл баланың ойлау жүйесінің тез дамып, қоршаған ортаға бой үйретуге баулиды. Сол себепті бұл елде бала алдымен сөйлеп, содан соң барып жүруі жиі кездеседі.
ТАНЫМ
21 ақпан 2017 г.
2 474
0
Бүгінгі кейіпкер Зейнеп Мырзабаева – ізденісі мол тәжірибелі тігінші. Оның жасаған оюлы көрпесі, кестелеп тігілген әсем дүниелері қызылордалықтардың жаппай сұранысында. Көз майын тауысатын шығармашылық еңбектің арқасында нәпақасын тауып, отбасының ұйытқысы болып отырған кейіпкеріміз түрлі той-томалаққа арналған сәнді киім де тігеді. Адамдарды жылы қабылдайтын Зейнептің тігін орны көпшілік сенімінен шыққан, тұрақты тапсырыс берушілер саны жетіп-артылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2017 г.
1 011
0
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің этнографиялық коллекциясы аса бай. Бұл коллекцияда қазақтың ұлттық киімдері, үй жиһазы, зергерлік әшекей бұйымдар, облыста тұратын халықтардың киім-кешектері, тұрмыстық бұйымдары бар. Оған қоса нумизматикалық коллекция, сондай-ақ, геральдикалық белгілер сақтаулы.
ТАНЫМ
21 ақпан 2017 г.
2 439
0
Шамамен Х-ХІІІ ғасырға тиесілі диірмен Арал теңізінің кепкен табанынан табылған. Ата-бабаларымыз тас үгіту мақсатында қолданған көне дүниенің үстіңгі беті мұқият өңделіп, қошқар мүйізді оюмен безендіріліпті. Ою-өрнек қошқар мүйіз бейнесінің басқа да геометриялық кескіндермен үйлесуімен ерекшеленеді.
ТАНЫМ
21 ақпан 2017 г.
1 224
0
17 ақпанда орталық коммуникациялар қызметінде өткен бейресми кездесуде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев әлеуметтік желілерге қатысты ойын білдірді, - деп жазады 365info.kz.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2017 г.
1 241
0
Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, олардың жай-күйін және инфрақұрылымын жақсартуға, жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға бағытталған «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2017 г.
450
0
Қызылордада бөтен мүлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен еш жүрде жұмыс істемейтін 1982 жылы туылған облыс тұрғыны ұсталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2017 г.
572
0
Саппорода өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының екінші жарыс күнінен кейін Қазақстан 4-орынға тұрақтады. Біздің еншімізде әзірше жалғыз күміс медаль бар. Шаңғышы Елена Коломина спринтте мәре сызығын екінші болып кескен еді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2017 г.
500
0