Қырымбек Көшербаев: «Әлеуметтік желілер – қоғам айнасы»

Қырымбек Көшербаев: «Әлеуметтік желілер – қоғам айнасы»17 ақпанда орталық коммуникациялар қызметінде өткен бейресми кездесуде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев әлеуметтік желілерге қатысты ойын білдірді, - деп жазады 365info.kz. 
«Жұмыс барысында әлеуметтік желілерге ерекше назар аударып, қарап отырамын. Осы бір маңызды коммуникативті құрал арқылы өзекті әрі қоғамдық маңызы мәселелер көтеріліп, талқыланатыны өте жақсы. Әрі мұндай мәселелердің көбі шешімін тауып жатады. Бұл жауапты мемлекеттік мекемелердің жұмысын жеңілдетіп отыр», деді әкім.
Көшербаев әлеуметтік желілер жайлы ойын сабақтай келе, әлеуметтік желілер билік пен қоғам арасындағы диалог алаңы болумен бірге маркетингтік қызмет атқарып, тауар мен қызмет көрсетудің де ортасына айналғанын атап өтті.
«Әлеуметтік желілер қоғамның ұйысуына да әсер етіп отыр. «Фейсбуктің» халықты біріктірудегі күшін түрлі табиғи апаттардан зардап шеккен азаматтарға көмектесуінен байқауға болады», деген Қырымбек Көшербаев әлеуметтік желілердің қауіпті жағында сөз етті.
«Пайдалы жағымен қатар, әлеуметтік желінің қауіпті контенті бар екенін де ұмытпағанымыз абзал. Мәселен, түрлі діни фанаттар мен экстемистердің уағыздарымен бірге «Көк кит» сияқты жасөспірімдердің өміріне қауіп туғызып отырған дүниелерде кеңінен тарап жатады. Тіпті әлеуметтік және ұлтараздығын қоздырып, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттар да желілер де жүреді», деген Қырымбек Елеуұлы әлеуметтік желілердің қауіпті контентіне қарсы реттеу шараларының жүргізіліп отыруы қоғам үшін маңызды екеніне тоқталды.
Алайда, реттеуді әлеуметтік желілерді жабу деп түсініп, байбалам салатындардың да көп екенін атап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 ақпан 2017 г. 1 221 0