ҚОШҚАР МҮЙІЗДІ ДИІРМЕН

ҚОШҚАР МҮЙІЗДІ ДИІРМЕНШамамен Х-ХІІІ ғасырға тиесілі диірмен Арал теңізінің кепкен табанынан табылған. Ата-бабаларымыз тас үгіту мақсатында қолданған көне дүниенің үстіңгі беті мұқият өңделіп, қошқар мүйізді оюмен безендіріліпті. Ою-өрнек қошқар мүйіз бейнесінің басқа да геометриялық кескіндермен үйлесуімен ерекшеленеді. 
– Экспонат Арал теңізінің кепкен табанынан табылған. Дәлірек айтқанда, ауданға қарасты Қаратерең қыстағынан 150 шақырым, «Кердері» мавзолейінің шығыс бөлігінен 25 шақырым жерде орналасқан ескі қаланың орнынан алынып, мемлекет қорына тапсырылды, – дейді Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» музейінің меңгерушісі Кенже Ахметова. 
Тарихи жәдігер бүгінде осы музейдің құнды экспонаттарының қатарынан ойып тұрып орын алады. 
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

ТАНЫМ 21 ақпан 2017 г. 1 172 0