Байыппен танысқан адамға Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы қалың бұқараға зор жауапкершілік жүктеумен бірге үлкен мүмкіншіліктерге де жол ашып отыр. Президенттің маңызды құжаты «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталынатындығы, әрине, көпшіліктің есінде. Бұл қай жаңғыру, оның нендей ерекшеліктері бар? Міне, қараңыз, Нұрсұлтан Әбішұлы бұл ойын былай тарқатады: «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ.
ДӘУЛЕТ
18 ақпан 2017 г.
833
0
Мемлекет басшысы Жолдауында болашақ болжамының нақтысын айтты: «Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 ақпан 2017 г.
867
0
Аймақ басшысының есепті баяндамасын тыңдап, зерделеп, жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды көз алдымыздан тағы бір тізбелеп өткіздік. Халық алдында есеп беру – арбаның дөңгелегіндей айналған жыл ішінде атқарылған жұмыстар жайлы жарқыратып жайып салу ғана емес, толымды істерді түйіндеп, ертеңнің еншісіндегі ерен бағыттарды айқындау. Бұл ретте аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың атқарылған жұмыстар, жоспарланған шаруалар туралы халық алдындағы есеп беруі үдеден шықты ғой деймін.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 ақпан 2017 г.
879
0
Kеше Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Шынтөбе» пікірталас клубында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев БАҚ өкілдерімен және медиа сарапшылармен кездесті. Онда облыстың 2016 жылғы әлеуметтік даму көрсеткіштері мен түрлі бастамалары және алдағы міндеттері жайында кеңінен әңгіме болды. Еркін форматтағы жүздесуде облыс басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мол ақпаратпен бөлісті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 ақпан 2017 г.
923
0
Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылында дүниеге келген. Журналистика мен партия қызметі саласында ұзақ жыл еңбек етті. Жетпіс бес жасқа толса да ағамыз әлі күнге қаламнан қол үзген емес. Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан зерделі ақын. Тәжірибелі баспагер. Әнге мәтін жазудың шебері. Оның сырлы сезімді, көркем тілді өлеңдері көңілге жылылық ұялатады.
РУХАНИЯТ
18 ақпан 2017 г.
1 785
0
Облыс әкімдігінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне "Қорқыт ата мұрасы” көпұлттық номинациясын дайындау бойынша сараптамалық кездесу өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 ақпан 2017 г.
1 167
0
Жолтай Әлмашұлы 1957 жылы 14 ақпанда Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі. Қызылорда облысында газеттерде, комсомол жұмысында болды. Ол 1991 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында, Президент пен Үкімет аппараттарында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары секілді қызметтер атқарды. Республика Үкіметі үкіметтік басылымдарының бас редакторы. Жазушы-драматург Мәдениет министрлігі жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» атты және «Балдырған» журналының жабық бәйгелерінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Түркістанның 1500 жылдығына арналған әдеби шығармалар бәйгесінде жүлде алған. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған көркем шығармалар бәйгесінде «Оянған ұрпақ» романы жүлдегер атанды. Ж.Әлмашұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Керемет» сыйлығының иегері. «Құрмет» орденімен марапатталған.
ӘДЕБИЕТ
18 ақпан 2017 г.
2 538
0
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев тұрғындарға Елбасы Жолдауы шеңберінде халыққа ұсынылатын баспаналар жайында ақпарат берді. Қабылдауда болған аймақ тұрғындарының көбісі тарихи құжатта көрсетілген «Нұрлы жер» бағдарламасы төңірегінде өз сауалдарын жолдады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 ақпан 2017 г.
619
0
Бейсенбі күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Елбасы жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды түсіндіру мақсатында басқарма басшысының орынбасары Айгүл Ибраева ұжым қызметкерлерімен кездесті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 ақпан 2017 г.
560
0
Үстіміздегі жылғы қаңтар айында Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын бүгінгі таңда барша қазақстандықтар болашаққа жасалған бағдаршам деп біледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 ақпан 2017 г.
599
0