Былтыр Арал ауданында орналасқан 8 елді мекендегі білім ошақтарына ауызсу қондырғысын орнатып берген Дастанбек Жұпан Біріккен Ұлттар Ұйымының марапатына ие болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
1 472
0
Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы болған. Оған Аналар кеңесінің төрайымы Р.Смаханова, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Р.Ахметова, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Г.Сәрсенбай мен кеңестің белсенді мүшелері қатысты. Онда өткен жылғы атқарылған жұмыстарға есеп беріліп, Аналар кеңесінің алдағы жылға жоспарлары мен бірлесе өткізетін іс-шаралары талқыға салынды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
1 610
0
Қызылордадағы «Ақмешіт» музейі көненің көзіндей болған құнды жәдігерлерге толы. Солардың ішінде қала тұрғыны Гүлнар Баяділова табыс еткен «Le Roi a Paris» сағаты мен ағаш шкаф бірден көзге түседі.
РУХАНИЯТ
30 қаңтар 2017 г.
1 046
0
Алматы қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарына арнайы барған "Сыр бойы" газетінің тілшісі Мөлдір Қалымбет айтулы шара жөнінде хабарлайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
1 610
0
Халық алдындағы есеп беру кездесулерін өзге өңірлерден ертерек бастаған Шиелі ауданында апта көлемінде 22 ауылдық округ пен аудан орталығы – Шиелі кентінде атқарушы билік орындарының есептері тыңдалды. Ал аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев бастаған ауыл әкімдері Жаңатұрмыс, Иіркөл, Бидайкөл, Қарғалы ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Жиынға облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қ.Тоғызбаев қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
564
0
Халық пен билік арасындағы байланыстың бір көрінісі – есептi кездесу екендігі белгілі. Өйткені, мұнда халық өңірдің дамуы, экономикалық жетістіктері мен әкімдердің алдағы жоспарлары туралы мәліметтерден хабардар болып, өздерінің ұсыныс-талаптарын ортаға салуға мүмкіндік алады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
651
0
Қазалыда аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың жұртшылыққа жылдық есеп беру жиыны онан әрі жалғасуда. Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаев ауылындағы жүздесуде бау-бақша өсіру жайы әңгіме өзегіне айналды. Мұның себебі де бар. Ауыл тұрғындарының атағы көпшілікке бағбандықпен жақсы мәлім. Өткен жылы азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Айтбай» учаскесінен 75 гектар қауын-қарбыз, 15 гектар картоп, 40 гектар көкөніс, тағы басқа дақылдар еккен ауыл халқы ойдағыдай өнім алған еді. Сол игі дәстүр биылғы жылы да жалғасын таппақшы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
817
0
Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун және Дауылкөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, негізгі салалардағы оңды өзгерістерді, атқарылған жұмыстарды, туындаған мәселелерді атап өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
723
0