« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Былтыр Арал ауданында орналасқан 8 елді мекендегі білім ошақтарына ауызсу қондырғысын орнатып берген Дастанбек Жұпан Біріккен Ұлттар Ұйымының марапатына ие болды.
«Өрлеу-Консалтинг»
Жастар қоғамдық бірлестігін басқаратын Дастан Болатбекұлы осыдан екі жыл бұрын БҰҰ Даму
Бағдарламасының грантын ұтып, Арал ауданында орналасқан 8 елді мекен
мектептерінде оқитын оқушыларды таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді
қолға алған болатын. Ауданға қарасты Аралқұм, Бөген, Ақбай, Қарашалаң,
Жаңақұрылыс, Бекбауыл, Тоқабай, Шөмішкөл ауылындағы мектептерге мембраналық
қондырғы орнатты. Германиядан әкелінген су тазартатын құрылғы сағатына 200
литрге дейін сапалы ауыз суды сүзгіден өткізеді. Құны 1 200 мың тұратын құрылғы
бүгінде оқушылар игілігіне айналды.
Еңбегі еленген «Өрлеу-Консалтинг» ЖҚБ төрағасы Дастанбек Жұпанды
БҰҰ Халықаралық Адам құқығын қорғау комитетінің еліміздегі өкілі, генерал-майор
Әбен Нұрманов «Бейбітшілік Әлемі» халықаралық ұйымының «Әлемнің мейірімді
адамы» төсбелгісімен және дипломымен марапаттады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |