Алашымыздың арыстары айқын аңдатқандай, егер ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ер қайдан шықпақ?! Бұл тұрғыдан келгенде, біздің Қазақ елінің тәуелсіздік таңының атуымен бірге тарихтағы ақтаңдақтарымыздың орны толып, өткен дәуірлерде өнегелі өмір сүріп, халқына қалтқысыз қызмет еткен баһадүр бабалардың ерен еңбектері еленіп, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз қайта жанғандай келісімді керімсал күй кешіп жатқанымызға шүкіршілік еткендейміз. Егемендігіміздің биылғы 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өңіріміздің және Астана, Алматы қалаларының бір топ ғалымдары мен қаламгерлері облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың атына осы мазмұндас арнайы хат жолдап, өтініш білдірген болатын. Онда Сыр бойының орта және төменгі ағысын ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Қоқан, Хиуа хандықтары басып алып билеген, Ресей отарлаушыларының батыстағы, Арқадағы қазақ жерлерін жаулап тажалдай төніп келе жатқан қатерлі, қиын кезеңде халқына аға да, пана да, көптің қамын ойлаған дана да болған Тұрсынбай би, датқа сынды қаһарман қайраткерді ел есінде қалдырып, ұлықтаудың қажеттілігі хақында сөз қозғалған еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 қараша 2016 г.
1 530
0
Алдағы күндері Сырдың сырбаз ақыны, қарымды қаламгер Темірше Сарыбайұлының 75 жылдығы аталып өтіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 қараша 2016 г.
789
0
«Алтын күз-2016» мерекесі аясында Шиелі кентіндегі Көкшоқы шағын ауданында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Байтілес Жүсіповтің атына көше берілді. Аудан орталығына кіреберіс жердегі үлкен көшеге жаңа атау беру салтанатына ардагерлер мен тұрғындар, ауылдастары мен ұрпақтары қатысты.
ТАҒЫЛЫМ
03 қараша 2016 г.
905
0
Көпшілік қауым кітап оқудан қол үзіп, материалдық игілікке көп мән беріп кеткен тұста қазақы қара өлеңнің қадірін қашырмай өзіне мұңдас, сырлас тұтқан Арал ауданының Қаратерең елді мекенінде тұратын, ардагер ұстаз, шынайы ақын Шынтемір Әмишаұлы қысқа мерзімде қос бірдей жыр кітабын шығарып үлгерді.
РУХАНИЯТ
03 қараша 2016 г.
1 288
0
И.Әбдікәрімов атындағы агротехникалық колледжінде қоғам қайраткері Алмагүл Божанованың 70 жылдық мерейтойына арналған тағылымды кеш өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 қараша 2016 г.
631
0
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа кезеңінде ғасыр жобасы атанған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі Елбасының тікелей бақылауындағы ғаламдық деңгейдегі құрылыс болып саналады. Көлік дәлізінің еліміз аумағы арқылы өтетін учаскесінің қашықтығы 2787 шақырымды құрап, 5 облыстың аумағын кесіп өтеді. Ал біздің облыс аумағынан өтетін қашықтығы 812 шақырымды құраса, оның 246 шақырымы бірінші техникалық, ал 566 шақырымы екінші техникалық санатқа жатады. Қазіргі таңда жолды қайта жаңарту жұмыстары барысында 48 көпір, 83 мал өткелі, 14 екі деңгейлі жол айрығы, 2 темір жол өткелі салынып пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде көлік құралдарының жүріс жылдамдығы сағатына 120 шақырымға өсіп, автомобиль жолы 8 елді мекенді айналып өтеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 қараша 2016 г.
803
0
PDF
03 қараша 2016 г.
649
0