Өмірі көпке өнеге

Өмірі көпке  өнегеИ.Әбдікәрімов атындағы агротехникалық колледжінде қоғам қайраткері Алмагүл Божанованың 70 жылдық мерейтойына арналған тағылымды кеш өтті.
Оған облыстың қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архив басшысы Гүлшат Ахметова, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік саласының ардагері, бұрынғы облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Абдат Бапалақов, комсомол, партия, қоршаған ортаны қорғау саласының ардагері Қуанышқали Шапшаңовтар қатысып, үзеңгілесі жайлы үзік сырмен бөлісті. 
– Дүние шектеулі, өмір шектеусіз. Осы шексіз өмірде Алмагүл Божанованың атқарған еңбегі бір төбе. Еңбек жолын Тереңөзек ауданындағы Шаған ауылында бала¬бақша меңгерушісі болып бастаған ол аудандық партия комитетінің хатшысы, халық депутаттары Тереңөзек ауданы кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Тереңөзек ауданының әкімі, облыстық мәслихат хатшысы қызметіне дейін көтерілді. Абыройлы қызметінің нәтижесінде "Құрмет белгісі” орденімен, медальдармен марапатталды. Талаптанған жанның шығар тауы биік болатынын дәлелдеген Алмагүл Божанованың өмірі көпке өнеге. Бүгінде сізді жетістіктермен жеткен жетпіс жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын, – деді Г.Ахметова.
Әрі қарай қоғам қайраткерінің жүріп өткен жолын баяндайтын бейнефильм көпшілік назарына ұсынылып, "Елім деп соққан нәзік жүрек” атты архив қорындағы жеке тектік құжаттарынан көрме таныстырылды. Шара барысында белгілі ақындар Сейфолла Оспановтың "Арпа ішіндегі бір бидай”, Қатира Жәленованың "Елікгүлдей Алмагүл” өлеңдері оқылды.
                                                                                                                                М.СНАДИН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2016 г. 624 0