Облыстық ішкі саясат және облыстық денсаулық сақтау басқармаларының ұйымдастыруымен қаладағы №3 және №6 емханаларда баспасөз туры өтті. Онда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тұрғындардың скринингтік тексеруден өту барысымен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
595
0
1955 жыл. Көктемге салым уақыт. Түскі шайдың үстінде шешем Рахима Бердалықызы Жалағаштың Молотов колхозына Шәменнің баласы Мөрәлі төраға болыпты дегенді айтты. Ол кезде мен Тереңөзек кентіндегі М.И.Калинин атындағы орта мектепте оқимын. Шешем әлгі естіген жаңалығын құдды өз б¬ласы колхозға басшы болғандай риясыз қуанышпен жеткізді. Шешем өзі Дуана табынның қызы, Қаракеткен ауылында туып-өскен. Алыстап қалған жылдардың ескі суреттерін есіне түсіргендей сәл үнсіз отырған анам қолындағы кесесін бір ұрттап алып, әңгімесін әрі қарай жалғады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
916
0
Облыс әкімдігінің «Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол бойындағы тұтынушылар құқын қорғау туралы» берілген тапсырмасы бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау мақсатында БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
526
0
Кеше Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында мерекелік «Алтын дән-2016» салтанаты өткізілді. Қос тойы қабат келген сырбойылықтар мерейтой аясында ақ күріштің атасы, дала академигі Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына орай даңғайыр дихан ескерткіші-бюстіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Мерекелік шараларға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
814
0
Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына арналған «Дала академигі-Ыбырай» республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Конфереңция жұмысына Ауыл шаруашылығы министрінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Қуандық Түменбай және республикамызға белгілі ғалымдар, облыстың зиялы қауым өкілдері мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелері, жоғары және арнаулы оқу орындарынан келген оқытушы-профессорлар, студент-жастар қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
1 451
0
Ұлы дария есімін иеленген ауданда ел қызығатын, көпке үлгі болатын, халыққа тигізетін пайдасы зор игілікті істер өркен жайып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Тұрмысы төмен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларының жағдайын жақсарту мақсатымен 2015 жылдың желтоқсан айында кент орта¬лығында «Әлеуметтік дүкен» ашылды. Ауданда жұмыс жасайтын бюджеттік сала қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын әлеуметтік дүкеннің қорына аударды. Мұнай компаниялары, мердігерлер мен шаруа¬шылық төр¬ағалары арасында меморандумға қол қойылды. Дағдарыс кезінде жасалған бұндай қайырымды іс аудан халқының ауызбірлігін көрсетті. Әлеуметтік дүкеннің ашылуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келіп қатысып, оң бағасын берді. Жыл бойы жұмыс жасаған әлеуметтік дүкен ашылғанда 123 отбасы 544 мүшесіне қызмет көрсеткен болатын. Бүгінгі күні 147 отбасының 717 мүшесіне тиісті жеңілдіктер мен көмегін беріп жатыр. Кент тұрғындарының көңілінен шығып, қызмет етіп жатқан әлеуметтік дүкеннің жұмысы туралы оның жанынан құрылған бақылау тобының төрайымы «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлмекен Жаналиеваны әңгімеге тартқан едік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
816
0
Өмір деген осы, ұшқан құстай зымырап өте шығады. Күні кеше ортамызда жайраңдай күліп, жайсаңдай басып жүрген Кемал ағамыз Нұрекешовтың мәңгілік сапарға кеткеніне он жыл болыпты-ау. Сыр аймағында бүкіл саналы ғұмырын ересен еңбектің ыстық-суығына арнап, бұл өмірде өзіндік қолтаңбасын қалдырған айтулы азаматтар болған. Сондай азаматтардың бірі ғана емес, бірегейі, қашанда қарапайым қалпынан айнымай, кісілік пен кішілік бітім-болмысын таза ұстап өмірден өткен Кемал аға. Ұлы Абай атамыз: "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан” дегендей, Кәмекең отыз жылдан астам облыстың құрылыс саласында басшылық қызметтер атқарып, алтын қолымен талай құрылыстың кірпішін қалап кеткен еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
926
0