3 қазаннан бастап 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар жарамсыз болып табылады, - деп хабарлады Bnews.kz Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қыркүйек 2016 г.
742
0
Қызылорда 10 мектеп оқушысы астан уланып қалды. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботагөз Сейіл хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қыркүйек 2016 г.
757
0
Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Студент жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» ҚБ сейсенбіде «Ұжымдағы қарым-қатынасты дамытудағы негізгі талаптар» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қыркүйек 2016 г.
755
0
Шиелі ауданының халқы облыс орталығына құрылысқа қажетті материалдар үшін көп келе бермейді. Өйткені ел сұранысын қанағаттандырып, өз жобасын қанаттандырып жүрген кәсіпкер Жорабек Қалдаровтың темір-бетон және ағаш өнімдерін өндіру жұмысын жолға қойған кәсіпорны ел кәдесіне жарап тұр. Алты жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан цех басшысы өткен жылы кәсібін кеңейту үшін Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік инвестициялық орталығының қолдауымен 5 млн 800 мың теңге көлемінде несиеге қол жеткізген. Бүгінде шаруасы шалқып, кәсібі өркен жайған.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2016 г.
817
0
Топырағы тарихтан сыр шертетін Сыр елінде тарихи-мәдени орындар жетерлік. Алаштың анасы атанған өңірдің әрбір төбесінде айтылмаған сыр, жазылмаған шежіре жатыр. Ұлттық рухтың көсегесі көгерсін десек, осынау жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпақ санасына сіңіріп, келер ұрпаққа басы бүтін аманаттауға тиіспіз. Бұл орайда Сыр елінде атқарылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған бастамалар қатары ауқымды. Өткен сенбіде Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата ескерткіші жанында "Сыр – Алаштың анасы” экспедициясының жолға шығу құрметіне орай салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, сәттілік тіледі.
РУХАНИЯТ
20 қыркүйек 2016 г.
869
0
Баспаналы болу отбасылы жандар үшін бір бақыт, үлкен қуаныш. Сондықтан да қазақ «Үйің болмай, күйің болмайды» деп бекер айтпаған. Мемлекет халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы шеңберінде ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Әлемді экономикалық дағдарыс құрсауы шырмап тұрған жағдайдың өзінде аталған бағдарлама аясында бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге қол жеткізудеміз. Оны өзіміздің Қызылордадан анық байқауға болады. Егерде бұрынғы кезеңдері көпқабатты үйлерден құралған бір шағын ауданды салып шығуға кемінде 4-5 жыл кетсе, соңғы екі жылда екі-үш шағын аудан үйлері жыл соңына дейін салынып бітіп жатыр. Соның арқасында қаншама отбасы жаңа баспанаға ие болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қыркүйек 2016 г.
877
0
"Батыс Еуропа – Батыс Қытай” күрежолы ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді. Дегенмен, күрежолдағы кейбір мәселелер жол бақылау орындарын алаңдатып отырғаны байқалады. Осыдан біршама уақыт бұрын облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы жолға қатысы бар сала басшыларының басын қосып, жолда қабылдау акциясын өткізген болатын. Ауыр жүк көліктеріне тонналап жүк артқан алыс жолдың майын ішкен мамандарын тоқтатып, толғандырып жүрген мәселелерін тыңдады, ұсыныстарына құлақ түрді. Әр күні жол сақшыларының басшысын кездестіре бермейтін көпшілік ұтымды ұсыныстары мен оймақтай ойларын жеткізіп бақты. Олардың қатарында белоруссиялық Леонид Яскеевич те болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қыркүйек 2016 г.
919
0
Ашылғанына 3 ай болып, республика көлемінде кең таралып жатқан ерлер жейдесін тігетін тігін фабрикасында қала оқушылары қонақта болды, - деп хабарлады Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қыркүйек 2016 г.
627
0
PDF
20 қыркүйек 2016 г.
682
0
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен 28 мамыр-17 қазан аралығында әр аптаның сенбі күндері Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында футболдан 4-ші облыстық чемпионат өткізілді. Аталмыш шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
ДОДА
19 қыркүйек 2016 г.
967
0