Ескі банкноттар екі аптадан соң айналымнан шығады

Ескі банкноттар екі аптадан соң айналымнан шығады3 қазаннан бастап 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар жарамсыз болып табылады, - деп хабарлады Bnews.kz Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Демек, 2 аптадан кейін аталған номиналды банкноттар заңды төлем құралы бола алмайды. Төртінші қазаннан бастап олармен сауда-саттық,  өзге де қаржылық операциялар жасауға тыйым салынады. Сондықтан банк қызметкерлері осы күнді күтпей-ақ, қолда жүрген осындай ақшаларды айырбастауға кеңес береді. Ал үлгермегендер үшін тағы да бір жыл мерзім белгіленіп отыр, деп жазады astanatv.kz.
Айырбасталмай қалған ақшаларды қаражат иесі кез-келген екінші деңгейлі банктердің кассасынан жаңасына алмастыра алады. Ол үшін қосымша ақы, комиссия немесе төлемдер ұсталмайды. Ал азаматтардан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды қабылдамаған қаржылық ұйымдарға айыппұл салынбақ. Банкноттарды қабылдау мен айырбастаудан бас тартудың барлық фактілері туралы қаржылық қызметтерді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына шағымдануға болады,  дейді Ұлттық банк өкілдері. 
 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қыркүйек 2016 г. 737 0