Футболдан IV облыстық чемпионат аяқталды

Футболдан IV облыстық чемпионат аяқталдыОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен 28 мамыр-17 қазан аралығында әр аптаның  сенбі күндері  Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында  футболдан 4-ші облыстық чемпионат өткізілді. Аталмыш шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 
Төртінші  мәрте ұйымдастырылған жарысқа 8 команда қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес 18 тур өткізіліп, нәтижесінде Қазалының  «Жігер» командасы   бірінші орынды иеленді. Екінші орынға   «Сығанақ» командасы (Жаңақорған ауданы) ие болса,  үшінші орын «Намыс» командасына (Шиелі ауданы) бұйырды. 
Одан бөлек, төмендегідей номинация иегерлері анықталды: 
«Үздік қақпашы» - Амантай Каримбаев (Шиелі ауданы)
«Үздік қорғаушы» - Дидар Сахиұлы (Қызылорда қаласы)
«Үздік жартылай қорғаушы» - Ерлан Сапарбеков (Жаңақорған ауданы)
«Үздік шабуылшы» -  Ерсұлтан Құлтаев  (Қармақшы ауданы)
«Үздік ойыншы» - Олжас Орынбекұлы (Қазалы ауданы)
ДОДА 19 қыркүйек 2016 г. 891 0