
Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Студент жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» ҚБ сейсенбіде «Ұжымдағы қарым-қатынасты дамытудағы негізгі талаптар» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша өткен шараға оқу орындарындағы, кәсіпорындар мен мекемелердегі жастар ісі жөніндегі комитеттердің жетекшілері қатысты. Олар уақытты жоспарлау, командадағы күрделі жағдайлармен күресу, коммуникативтік дағдыларды арттыру, іскерлік келіссөздер жүргізу бағыттарында білімдерін шыңдады. Тренерлер – облыстық дебат орталығының жетекшісі, «Қызылорда-Ақиқат айнасы» ҚБ-нің төрағасы Уәлихан Тұрарбекұлы, «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасағының мүшелері Нарбота Сералы, Сәрке Балғабайұлы теория мен практиканы ұштастыра отырып, қатысушыларға ұжымдағы қарым-қатынасты арттыру тетіктері туралы айтып берді.
Н.САНИЯЗОВА