Бастауыш кәсіпкер Ғалымжан Иманғалиевтің «GARAGE №1» атауымен көлік жуу бекеттерінің жүйесін ұйымдастыру идеясын «Даму» қоры қолдап, «СбербанкРоссии»ДБ АҚ арқылы несие рәсімдеуі үшін 85% кепілдемесін ұсынды. Кәсіпкер ақшаны көлік жуу қызметінің өзіндік құны төмен болуына мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсады, - деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 қыркүйек 2016 г.
903
0
Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде жасөспірімдер арасында волейболдан XVIII халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Турнирге Қазақстанның 7 аймағынан және Өзбекстан Республикасынан 22 команда, барлығы 250 спортшы қатысуда. Дүбірлі жарыс 3 күн жалғасып, 24 қыркүйек күні аяқталады, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 қыркүйек 2016 г.
665
0
Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Үш тілді білу – заман талабы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қыркүйек 2016 г.
835
0
Тәуелсіздік жылдарында көші-қон мәселесінің жолға қойылуына байланысты Қазақстан, тағдыр тәлкегімен шетелге шашырап кеткен қандастарымызды еліне оралтуға жағдай жасап, мемлекетіміз бұл бағытта ерекше үдерісті саясатты жүзеге асырды. Соның нәтижесінде көптеген қандастарымыз ата жұртына оралып, бүгінде тұрақтап қалды. Ал соңғы жылдары облысқа келген оралмандар санының біршама азайғаны байқалады. Өңірлік квотаға енгізілген оралмандарға қандай көмектер мен жеңілдіктер қарастырылған? Жалпы оралман мәртебесі қандай жағдайларда тоқтатылады? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраевамен әңгімелескен едік.
ҚОҒАМ
22 қыркүйек 2016 г.
829
0
Нұрмұрат ЕРМАНОВ, «Бабас» ЖШС құрылтайшысы: Мемлекет басшысының ұсынысымен 2017 жылы қазақстан¬дықтарға тегін кәсіптік-техника¬лық білім беріле бастайды. Осы жобаның арқа¬сында жастарды толыққанды жұмыспен қамту міндеті қойылып отыр. «Қазақстанның жас азаматтары білімді, еңбекқор, бас¬тамашыл ¬болуы тиіс. Жұмыс пен сұраныс бар өңір¬ге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады», – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев. Ендігі жерде мәселенің негізгісі – жастардың жауапкершілігінде. Расында, ізденген мұратқа жетеді. Біз сұхбаттасқан кәсіп¬кер, өмірдің қалтарысында қалып қой¬май, қайраттылық таныта білген, жүріп өт¬кен жолы көпке өнеге боларлық Нұрмұрат аға да осыны қайталаудан жалықпайды.
ТАҒЫЛЫМ
22 қыркүйек 2016 г.
1 156
0
Қала күні мерекесі де келіп қалды. Ол қыркүйектің 24-25 күндері аталып өтіледі. Мереке қарсаңында қала әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиевпен кездесіп, шаһар тұрғындары мен қонақтарын қандай қызықты шаралар күтіп тұрғанын айтып беруін сұраған болатынбыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қыркүйек 2016 г.
1 674
0
Шиелі ауданының орталығындағы «Салтанат сарайында» ақын Дәулетбек Байдрахманның 70 жасқа толу құрметіне облыс жас ақындарының қатысуымен мүшайра болып өтті. Киелі Шиелінің топырағында туып өскен жерін жерұйығына теңеген ақын осыдан 5 жыл бұрын бақилық болған еді. Оның қаламынан «Гүлім болсын ұсынған», «Отан деп соққан жүректер», «Жүректегі жауҺарлар», Жырдастан», «Алдаспан» атты бірнеше жыр кітаптары оқырмандарға жол тартқан болатын-ды. Аталмыш шараны аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев кіріспе сөз сөйлеп ашты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қыркүйек 2016 г.
893
0
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Кеңесбай Қалиевті 95 жас мерейтойымен құттықтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қыркүйек 2016 г.
1 239
0
PDF
22 қыркүйек 2016 г.
542
0
Бүгін Қызылордада Еңбек әулеттерінің ІІІ облыстық форумы өтті. Онда аймақтағы теміржолшылар, дәрігерлер, ұстаздар, диханшылар және өзге де еңбек династиялары қоғамға жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2016 г.
789
0