
Бастауыш кәсіпкер Ғалымжан Иманғалиевтің «GARAGE №1» атауымен көлік жуу бекеттерінің жүйесін ұйымдастыру идеясын «Даму» қоры қолдап, «СбербанкРоссии»ДБ АҚ арқылы несие рәсімдеуі үшін 85% кепілдемесін ұсынды. Кәсіпкер ақшаны көлік жуу қызметінің өзіндік құны төмен болуына мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсады, - деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
Ғалымжан Иманғалиев компаниясын бар-жоғы жарты жыл бұрын ашқан. Осы аз уақыт ішінде ол 5 көлік жуу бекетін іске қосып, 50-ден астам жаңа жұмыс орнын ашты. «GARAGE №1» бекетінің иесі бәсекелестері көп болғанына қарамастан, кәсібін осы бағытта бастағанына қуанышты. Оның айтуынша, Қызылорда қаласында жұмыс жасап тұрған көлік жуу орындары бүгінгі таңда ескірген құрал-жабдықтар мен технологияны қолдануда. Барлық сервистік орталықтарда қызметкерлердің тұрақсыздығы мен қосымша қызмет түрлерінің жоқтығы, айрықша мәселе болып отыр. .
- Кәсібімді бастамас бұрын сервистік қызмет көрсететін нарықты тыңғылықты зерттеп шықтым. Бизнесті ашу барысында қызмет түрлерінің деңгейіне талдау жасап, перспективті бағытты таңдау арқылы өз жобаңды табысты етуге болады. Сондықтан аталған бизнесті талдау кезінде мен барлық бәсекелестердің қателіктері мен кемшілігін ескере отырып, бизнес-процессті автоматтандыруға мүмкіндік берген жаңа құрал-жабдықтар сатып алдым. Көлік жуу орталығына арналған компьютерлік бағдарламаның көмегіменқұрамына материалдық және еңбек шығындарының есебі мен тапсырысты рәсімдеу сияқты процесстердіавтоматтандырдық. Міне осының бәрі мемлекеттік қолдаудың көмегімен жүзеге асты және банк алдында кепілмүліктің жетіспеушілігі мен несиенің үстемесін 7%-ға дейін төмендетуге қол жеткіздім, - дейді Ғалымжан Иманғалиев.
Бүгінде «GARAGE №1» сервистік орталықтарында тұрақты клиенттерге жеңілдіктер мен ынталандыру жүйесібелсенді түрде қолданылуда. Әрбір тұтынушыға кешенді көңіл бөлудің арқасында және қосымша ғаламторды еркін пайдалану,дәмханамен арнайы күту залы сияқтықызмет түрлерінің іске қосылуы кәсіпкердің кәсібіне сұраныстың артуын қамтамасыз етуде.