Тәуелсіздік жылдарында көші-қон мәселесінің жолға қойылуына байланысты Қазақстан, тағдыр тәлкегімен шетелге шашырап кеткен қандастарымызды еліне оралтуға жағдай жасап, мемлекетіміз бұл бағытта ерекше үдерісті саясатты жүзеге асырды. Соның нәтижесінде көптеген қандастарымыз ата жұртына оралып, бүгінде тұрақтап қалды. Ал соңғы жылдары облысқа келген оралмандар санының біршама азайғаны байқалады. Өңірлік квотаға енгізілген оралмандарға қандай көмектер мен жеңілдіктер қарастырылған? Жалпы оралман мәртебесі қандай жағдайларда тоқтатылады? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраевамен әңгімелескен едік.
– Айгүл Болатқызы, соңғы жылдары облысқа келген оралмандар саны біршама азайғаны байқалады. Себебін айтып берсеңіз ?
– Оралмандардың көшіп келу квотасы 2012 жылы бекітілмей тоқтатылған. «Ха¬лық¬тың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Оралман¬дар мен қоныс аударушыларды қабыл¬даудың 2016 жылға арналған өңірлік кво¬тасын бекіту туралы» Қазақстан Респуб¬ликасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ¬тау және әлеуметтік даму министрінің «2016 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы» 2016 бұйрығымен оралмандарды қоныстандыру үшін Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына квоталар белгіленген. Соңғы 3 жыл көлемінде өңірге оралған оралмандар санына талдау жасайтын болсақ, 2013 жылы – 62 отбасы, 2014 жылы – 3 отбасы, 2015 жылы – 18 отбасы, ал жыл басынан 1 қыркүйекке дейін 24 отбасы келген. Олардың басым бөлігі, яғни 97 пайызы Өзбекстан Респуб¬ликасынан, қалғандары Түркменстан, Ресей және Украина елдерінен қоныс аударған. Келген оралмандардың мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына – 14, Арал ауданына – 1, Қармақшы ауданына – 2, Жаңақорған ауданына – 2, Сырдария ауданына – 2, Шиелі ауданына 3 отбасы тіркелген.
– Өңірлік квотаға енгізілген оралман¬дарға қандай көмектер, жеңілдіктер бар. Толығырақ тоқталсаңыз.
– Өңірлік квотаға енген оралмандарға тұрғын үй салуға ипотекалық займ, несие алу құқығы қарастырылған. Ал жеңілдіктерге келер болсақ, этникалық қазақтарға қоныстанған өңіріне қарамастан оралман мәртебесі беріледі. Этникалық қазақтар шетелдік азаматтардан айырма¬шылығы төлем қабілетін растаусыз көші-қон полициясына өтініш беруі негізінде тұрғылықты тұруға ықтиярын ала алады. Сонымен бірге оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мер¬зімін жеңілдетілген тәртіппен (өтініш берген күнінен бастап үш ай ішінде) тұрғылықты тұруға рұқсат алған күнінен бастап бір жыл ішінде алуға құқығы бар. Сонымен қатар, Қазақстанда жоғары оқу орындарында білім алушы этникалық қазақ-студенттер де жеңілдетілген тәртіп¬пен ҚР азаматтығын ала алады. Сол сияқты, оралман мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне ұсыны¬латын мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалуы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қамтамасыз етiлген.
Оралман мәртебесін беруге және орал¬мандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ оралмандар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аума¬ғына келген кезде мемлекетіміздің халықаралық шарттарына және кеден заңнамасына сәйкес, көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады. Көзделген мемлекеттік қол¬дау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипоте¬калық қарыз алу құқығы беріледі.Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің шегінен тыс жерге өзі¬нің ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше көшіп-қонған не Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда, халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәй¬кес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көз¬делген, өздері алған мемлекеттік қолдау ша¬раларын мерзімінен бұрын толық кө¬лемде өтеуге міндетті.
Атап айтқанда, өз бетінше келіп, оралман мәртебесін алған, өңірлік квотаға енген оралмандарға заңнама аясында құқықтары белгіленген, барлық әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.
– Ал оралман мәртебесі қандай жағдайларда тоқтатылады?
– Оралман мәртебесi Қазақстан Респуб¬ликасының азаматтығын алғаннан кейiн, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы негіздер бойын¬ша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күші жой¬ыл¬ған жағдайда, оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.
– Айгүл Болатқызы, «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет деп атап өттіңіз. Осыны таратып айтсаңыз...
– Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас¬қармасымен оралман мәртебесін беру мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Бұл көрсетілетін қызмет Қазақстан Респуб¬ликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек сала¬сындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұй¬рығымен бекітілген стандартпен және облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті негізінде тиісті нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Оралман мәртебесін беру мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды. Оралмандардан өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәти¬жесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе басқарма арқылы жүзеге асырылады.
Оралман мәртебесі оралман куәлігімен расталады. Басқарма тарапынан мемлекет¬тік көрсетілетін қызметке оралмандар тарапынан арыз-шағым түспеген.Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында басқарма мамандары «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша заң нормалары мен талаптарын түсіндіру жөнінде семинар өткізді. Онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін және сапалылығын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзім бұзушылықтарға, оралмандарды әуре-сарсаңға салуға, өздерінің атқарып отырған қызметтерінде кез келген бұзушылыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ұстану, мемлекеттік қызметтер көрсету тәрті¬бі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. – Сұхбатыңызға рахмет.
Әңгімелескен А.ҚАРАПАЕВА.