Тіл білу - заман талабы

Тіл білу - заман талабыҚазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Үш тілді білу – заман талабы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.  
Жиынның мақсаты –  тілдердің үштұғырлығын насихаттау, өскелең ұрпақты көп тілді меңгеруге, бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу, үш тілдің маңыздылығын насихаттау мақсатындағы мәселелерді ортаға салу және өзара тәжірибе алмасу болып табылады.            
Шараны басқарма басшысының орынбасары Г.Нұрбаева  ашып, жиынның маңыздылығына кеңінен тоқталды. Одан әрі облыстық ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы Л. Есімова «Қазақ тілі – үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы», облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің бас маманы  Э.Жүсіпова «Облыстағы білім ұйымдарының үш тілде оқытудың бүгінгі күнгі жағдайы мен алдағы міндеттері» және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Абасилов  «Тілдер қарым-қатынасының теориясы, көптілділік мәселелері» атты тақырыптардағы хабарламаларын көпшілік назарына ұсынды.
Дөңгелек үстелге облысымыздағы білім беру ұйымдарының басшылары мен қазақ, орыс, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, тіл жанашырлары, филолог-ғалымдар, мекемелердегі тіл мамандары қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға атсалысып жүрген бірқатар азаматтар басқарманың алғыс хатымен марапатталды.
С.ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қыркүйек 2016 г. 832 0