Наурыз айында Шиелі ауданында халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін тағы екі бірдей нысан іске қосылды. Оның бірі жеке кәсіпкер Сабыр Ермахановтың бастамасымен ашылған шұбат өңдеу цехы. Аталған өнім өңдеу орнының жобалық құны 45 млн теңгені құраса, бұл қаржы еш жерден несие алмай-ақ, кәсіпкердің өз қалтасынан шығарылып отыр. Цехта алғашқы кезекте тәулігіне 400 литр түйе сүтін өңдеу жоспарланған. Мұнда тұрақты 5 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Арнайы ыдысқа өңделіп құйылатын шұбат әлден-ақ жұртшылықтың сұранысына ие бола бастағандығы қуантады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 наурыз 2016 г.
2 061
0
Жексенбіде «Bek Air» әуе компаниясының Қызылордадан ұшып шыққан ұшағы Астана әуежайына апатты жағдайда қонды. Ұшақ бортында 121 адам болған, олардың 116-сы жолаушы, бесеуі экипаж мүшелері. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 наурыз 2016 г.
941
0
Астанаға апатты жағдайда қонған Bek Air ұшағының жолаушысы, запастағы генерал-майор, интернационалист жауынгер Әлімжан Ерниязов бортта болған жағдайларды түсіндірді деп хабарлайды bnews.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 наурыз 2016 г.
789
0
Елбасы алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясына қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2016 г.
864
0
БИЛІК
26 наурыз 2016 г.
907
0
Абзал Ералиев 1960 жылдың28 наурызында Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында дүниеге келген. Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2016 г.
1 383
0
Кеше Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында облыстық прокуратура мен облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бірлесуімен түрме реформаларына арналған өңірлік форум болып өтті. Онда «Қайта әлеуметтендіру: Сен қоғамға керексің», «Түрмедегілердің санын азайтудың 10 іс-шарасы», «Сотталғандарды жұмыспен қамту – 2017» реформалары талқыға салынды. Форумға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Жиынды облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов жүргізіп, алғашқы сөзді аймақ басшысына ұсынды. Қырымбек Елеуұлы еліміздегі қылмыстық атқару жүйесін реформалауға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын, бұл мақсатта Қызылорда облысы да өз үлесін қосып жатқандығын айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2016 г.
798
0
Кеше Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйі жанындағы өңірлік коммуникациялық орталығында облыстағы тазалық мәселесіне қатысты арнайы жиын болып өтті. Онда облыс әкімінің өкіміне сай 10 наурыздан басталған тазалық айлығының барысы туралы баяндалды. Екі айға созылатын шара барысында облыс аумағындағы елді мекендердің санитарлық тазалығына, көркейту, көгалдандыру жұмыстарына аса мән берілмек. Оны ұйымдастыру және үйлестіру арнайы құрылған жұмысшы тобына жүктелген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2016 г.
1 109
0
Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген жастарды анықтау мақсатында «Тіл шебері-2016» аудандық байқауы өткізілді. Байқауға қала және аудан көлеміндегі білім беру мекемелерінен талапкерлер қатысты. Байқау үш аталымнан тұрды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2016 г.
804
0
24-25 наурыз күндері Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында «Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан 2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық ашық турнир өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2016 г.
678
0