ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ

Алтыншы шақырылымдағы Парламент өз жұмысын бастады. Жаңа ахуал жағдайында парламентшілерге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Ел еркіндігінің 25 жылдық мерейтойы жылында өткен сайлаудың нәтижесімен парламентші мәртебесін иеленгендер қатарында біздің жерлестеріміз де аз емес.

 

Ералиев Абзал Жұмашұлы

 

Абзал Ералиев 1960 жылдың28 наурызында Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында дүниеге келген. Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

1982 жылы Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 1984 жылы Қызылорда үй құрылыс комбинатында құрылыс шебері болып еңбек жолын бастаған. Кейін құрылыс шебері, прораб, құрастыру учаскесінің бастығы қызметтерін атқарды.

Күріш өсірумен және өңдеумен айналысатын «Абзал және Компания» толық серіктестігінің негізін салған. Қызылорда облыстық мәслихаты депутаты болған.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»мерекелік медальдарының, «Құрмет» орденінің иегері. 2013 жылы Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Жарлығы бойынша елге жасаған ерен еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен «Отан» орденімен марапатталды.

 

Кесебаева Балайым Туғанбайқызы

 

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫБалайым Кесебаева 1966 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

1985 жылы Талдықорған заң техникумын, 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінқұқықтану мамандығы, 2012 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономика және бизнес бакалавры біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Шымкент облыстық атқарушылық комитетінің юстиция бөлімінде канцелярия меңгерушісі болып бастаған. Алматы қаласындағы «Шахар» архитектуралық-жобалық кооперативінде іс жүргізуші, ҚР Әділет министрлігінде кеңесші, бас кеңесші, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

Қызылорда облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы әділет департаментінің бастығы, Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің директоры болған. 2009 жылдан бері Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

 

Смағұл Бақытбек

 

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫБақытбек Смағұл 1960 жылы 6 ақпанда Қазалы ауданында туған. 1978 жылы Қазалы қаласындағы кәсіптік-техникалық училищені бітірген. Ауған соғысының ардагері.

Алматы құрылыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс, Орталық Азия университетін заңгер, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, II дәрежелі «Айбын», «Құрмет», «За заслуги», «Долг и честь» ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Моңғолия Республикасының медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

«Ауғанның от жалыны», «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қаhарман», «Үш қырлы жебе» кітаптарының авторы. Б.Момышұлының «Қолбасшы күнделігі - Дневник командира» еңбегін басып шығарған. ҚР Президентінің тапсырмасыменен «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша Мемлекеттік бағдарлама әзірлеген.

 

Шиповских Геннадий Геннадиевич

 

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫГеннадий Шиповских 1989 жылы 22 қазанда Арал ауданының Сексеуіл кентінде өмірге келген. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін балалар үйіне жіберілген. Балалар үйінен оны қазақ отбасы асырап алады. «Мені асырап алған әкем мен анам Мұрат пен Баян Насыровтар мені өз балаларынан артық көрмесе, кем көрген жоқ. Солардың жылы алақаны мені қазақ қылды» деді ол.

Г.Шиповских 2010 жылы Қазалы аудандағы №5 кәсіптік лицейді «Машинист көмекшісі» мамандығы бойынша бітірген. Қызылорда локомотив жөндеу депосында, кейін локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болған.

Жаңадан жасақталған Мәжілістің ең жас депутаты «Нұр Отан» партиясының мүшесі, үйленбеген, қазақ тілінде еркін сөйлейді. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Мен жұмысшы табының өкілімін. Партияның маған депутат болуға мүмкіндік беруі мен үшін абырой. Парламентте түрлі саланың өкілдері жиналды. Ал мен болсам жұмысшы табының мүддесіне өкілдік етемін», - деді ол.

 

Жұмаділдаева Наталья Васильевна

 

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНаталья Жұмаділдаева 1965 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. Н.П.Огарев атындағы Халықтар Достығы орденді Мордова Мемлекеттік университетін филолог, француз тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда қалалық білім бөлімінде іс жүргізуші болып бастаған. Қала мектептерінде мұғалім,мектеп директорының орынбасары болған. Бірнеше мектепті басқарған. Қызылорда қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, Тасбөгет кентіндегі Оқушылар үйінің директоры қызметтерін атқарған.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының, «Нұр Отан» партиясы Құрмет грамотасымен, мерекелік медальдармен, Алғыс хаттармен марапатталған. «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері.

2014 жылдан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2016 г. 1 343 0