Ауылда дзюдодан республикалық турнир өтті

Ауылда дзюдодан республикалық турнир өтті24-25 наурыз күндері Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында «Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан 2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық ашық турнир өтті.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан елінен 33 команда, 500-ге жуық спортшы 17 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

Жарысты ұйымдастырудағы мақсат - бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру, ауылдық елді мекендерде дзюдоны кеңінен насихаттау, жастарды спортпен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Абзал и К» толық серіктестігінің кубок, диплом, медаль, және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кетейік, дүбірлі дода Нағи Ілиясов аулында былтырғы жылы мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған спорт кешенінде өткізілді.

Турнир жеңімпаздары:

Ұлдар арасында:

34 келі: Хусан Турсунов (Өзбекстан Респ.)

38 келі: Рахматулла Косимов (Өзбекстан Респ.)

42 келі: Нұрдәулет Аманқосов (Қызылорда обл.)

46 келі: Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)

50 келі: Нұрдәулет Әбдиев (Қызылорда обл.)

55 келі: Санжар Егінбаев (ШҚО)

60 келі: Дінмұхаммед Шәменов (Атырау обл.)

66 келі: Темурлан Базарбай (Өзбекстан Респ.)

73 келі: Аян Байғазы (Алматы обл.)

+73 келі: Мақсат Таутай (Жамбыл обл.)

Қыздар арасында:

32 келі: Құндыз Жылқыбай (Қызылорда обл.)

36 келі: Сапура Кеңесбекова (Қызылорда обл.)

40 келі: Сара Құлым (ОҚО)

44 келі: Аружан Темірғали (Қызылорда обл.)

48 келі: Анель Мұхан (Қызылорда обл.)

52келі: Гүлназым Талғат (Қызылорда обл.)

57келі: Сымбат Акрам (ОҚО)

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2016 г. 678 0