Тәуелсіздік күні Қармашыда «Қазақ елі» аллеясы ашылды

Тәуелсіздік күні Қармашыда «Қазақ елі» аллеясы ашылды

Тәуелсіздік күнінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығынан Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елі» аллеясы ашылды.     Жалпы, аллеядағы ескерткіштер қазақ тарихынан сыр шертеді. Парасатты хандар, ақылгөй абыздар, әді¬летті дана билер, айбатынан ай бұққан қайрат¬ты баһадүрлердің келбеті керемет бейнеленген. Тағдырдың жазуымен, тарихтың талқысымен қазақ жерін паналаған түрлі ұлт өкілдері ортақ Отанымызды көркейту жолында аянбай тер төгіп жатқаны анық. Өзге ұлт өкілдерінің шығармаларына арнайы тақта қойылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 желтоксан 2015 г. 957 0
ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНДЕ 2 МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНДЕ 2 МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Бүгін Қызылорда облысының Қармақшы және Жалағаш аудандарында Тәуелсіздік күніне орай 2 мектеп ашылды.     Қармақшы ауданы Ақай ауылында осыған дейін бір мектеп қана болған. Халық өсуіне байланысты өткен жылы 600 орындық мектеп құрылысы басталған. Тәуелсіздік күнінде жаңа білім ошағы пайдалануға берілді. Салтанатты шара барысында үздік оқушылар «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылданды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 желтоксан 2015 г. 1 208 0
PDF 16 желтоксан 2015 г. 872 0
Елбасы Тәуелсіздік мерекесіне орай азаматтардың бір тобын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Елбасы Тәуелсіздік мерекесіне орай азаматтардың бір тобын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент жарлығымен азаматтардың бір тобы қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік марапаттарға ие болды, - деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 желтоксан 2015 г. 1 342 0
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті ең үздік қазақ тілді мекеме болып танылды

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті ең үздік қазақ тілді мекеме болып танылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қызылорда облысында өткен «Ең үздік қазақ тілді мекеме» облыстық байқауында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті І орынды жеңіп алып, «Ең үздік қазақ тілді мекеме» атанып, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бұл туралы ОТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 желтоксан 2015 г. 1 103 0
Қызылордада 11 айда 12 адамда АИТВ инфекциясы анықталды

Қызылордада 11 айда 12 адамда АИТВ инфекциясы анықталды

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 желтоксан 2015 г. 1 072 0
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі қашан да болмасын өзекті және маңызды. Олар ешқашан мемлекет назарынан тыс қалған емес. Оған арнайы құрылған қоғамдық ұйымдар да өз үлестерін қосып келеді. Соның бірі – халықаралық «Чернобыль және Арал балалары» қоғамдық қайырымдылық қорының Қызылорда қаласындағы өкілдігі. 2000-жылдан бері қоғамдық қор жұмысын абыроймен атқарып келе жатқан Құралай Исаева биыл 3 желтоқсанда Халықаралық мүгедек күніне орай өткен салтанатты жиында облыс әкімінің қолынан «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясын алды. Еңбегі еленіп, жетістікке жеткен марапат иесін біз де құттықтап, әңгімеге тарттық.
ҚОҒАМ 15 желтоксан 2015 г. 1 167 0
ЖАЙЫҚТЫҢ АСЫЛ ТУҒАН АҚЫН ҚЫЗЫ

ЖАЙЫҚТЫҢ АСЫЛ ТУҒАН АҚЫН ҚЫЗЫ

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақұштап Бақтыгереевамен "Жайықтың асыл туған ақын қызы” атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешке Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсатов, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың профессоры Меруерт Аңсатова және студенттер қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘДЕБИЕТ 15 желтоксан 2015 г. 1 490 0
ДӘУЛЕТ 15 желтоксан 2015 г. 923 0
ДӘУЛЕТ 15 желтоксан 2015 г. 786 0