« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Алғаш сөз алған облыс әкімінің орынбасары ІТ индустрияның дамуы ақпаратты тез қабылдауға және таратуға мол мүмкіндік ашатындығын айтып өтті. Сонымен қатар облыс әкімдігі мен ІТ компаниялар арасында тығыз байланыс орнағанын да жеткізді. Бұл орайда республикамызда алғаш болып ашылған «Ситуациялық орталық» жұмысын мысалға келтірді. Елбасының өзі өңірге жасаған сапарында оң бағасын берген орталық үздік технологиялармен жабдықталған. Бұл бастама форумға келген қонақтар тарапынан да бағаланды.
Жиын барасында өндірістерде автоматтандырылған роботтарды пайдалану, өңірдің геоинформациялық ресурстарын дамыту, мобильді қосымшаны білім беру жүйесіне кеңінен енгізу секілді мәселелер талқыланды. Осы орайда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты Ерболат Әбдіқайыров өзі ойлап тапқан дүниесін көпшілік назарына ұсынды. Оның «ЕНТ арр» және «4 сурет 1 сөз» бағдарламасын ғаламтор желісіне енгізгеніне бір жылға жуықтаған. Айтуынша, алғашқы бағдарлама оқушыларға Ұлттық бірыңғай тестке дайындық кезінде көмекші құрал ретінде жасалған. Ол арқылы тест тапсырып, балалар өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырады. Осы уақытқа дейін 90 мыңға жуық ғаламтор пайдаланушысы оны жүктеп үлгерген. «Ал «4 сурет 1 сөз» қазақтың салт-дәстүрлерін ұмыт қалдырмай, жастарға жеткізу мақсатында жасалған», – дейді жас дарын. Сөз соңында өз зерттеуін ұсынған Ерболат қызықты мәліметтерімен бөлісті. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 3 млн-нан астам адам интернетті тұрақты пайдаланады. Оның 71 пайызын 12 мен 54 жас аралығындағылар қамтыса, 6,8 пайызы – оқушылар. Бір қызығы, ерлерге қарағанда әйелдер ғаламторды жиі қолданады екен.
М.ҚОЖАХМЕТОВА.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |