« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қазіргі ахуал жағдайға бейімделіп жоспар құруға, болжамдар жасауға негіз болып отыр. Секция отырысында орта және шағын бизнесті дамытудағы көптеген мәселелер талқыға түсті. ҚР Ұлттық Экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғ.Жолдыбаева ерекше кезеңдегі кәсіпкерлікті дамытуда мемлекет ұстанған саясат туралы айтты. Сонымен бірге еліміздің ДСҰ-ға кіруінің басымдықтары, оның бизнесті дамытуға әсері, отандық тауарөндірушілерге көрсетілетін қолдау туралы жан-жақты мәліметтер ұсынды.
Отырыста өңірдегі микробизнесті дамыту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Секция барысында "Қазақстанның даму банкі” жобалау дирекциясының жетекшісі С.Кенжебаева шағын және орта бизнеске көрсетілетін инвестициялық қызметтер туралы түсіндірді.
Қазан айында облыстық кәсіпкерлер кеңесінде микробизнесті дамыту бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданған еді. "Микробизнес-Қызылорда” жобасын іске асыру үшін облыс әкімдігі мен "Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында келісімге қол қойылған. Келісім бойынша екі тарап ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға инвестиция салады. Несиені беру шарттары, әсіресе кепілдікті қамтамасыз ету шарты қарапайым. Осы жиында "Қызылорда аймақтық инвестициялық орталығы” микроқаржы ұйымының таныстырылымы өтті. Серіктестіктің басқарма төрағасының уақытша міндетін атқарушы С.Ерниязов аталған жобаның ауыл кәсіпкерлеріне беретін оңтайлы мүмкіндіктерін атап өтті.
Секция жұмысы аймақтардағы кәсіпкерлікті дамытудағы микробизнестің ролін жан-жақты талдаған "Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Н.Әлтаев пен облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың меморандумға қол қоюымен қорытындыланды.
М.МЕРЕЙ.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |