« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Шараны М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры Әлима Әбдіхалықова ашып, білім ордасына арнайы ат басын бұрған ақынға алғысын білдірді. Сондай-ақ, колледж жанынан құрылған "Жас толқын” шығармашылық клубы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кездесуде А.Бақтыгереева Сыр елін қаймағы бұзылмаған құтты мекен деп жоғары бағалап, ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, атамекен жайында жазған өз шығармаларын оқыды.
– Өткенін ұлықтап, өшкенін жандыруды дәстүрге айналдырған Сыр елі қашан да тарихи тұлғаларға бай. Қай жағынан алсаң да қасиетті мекенге тіл тигізуге еш негіз жоқ. Бұл облысқа риза болатын себебім жергілікті халқы өз ана тілінде таза сөйлейді. Туған тілінің тұғырын төмендетпеген мекенді қалай жоғары бағаламайсың?! Сыр өңіріне келген сапарымды пайдаланып, кездесу ұйымдастырып жатқан оқу орнына алғыс айтамын. Естуімше, рухани орданың осы күнге дейін жеткен жетістіктері аз емес. Сол бағындырған белестеріңіз әлі де алар асуларыңыздың басы болсын демекпін, – деді А.Бақтыгереева.
Оқу орныныңжеткен жетістіктерін тілге тиек еткен ақын мұнан соң бірқатар оқытушылар мен студенттерге дипломдар мен арнайы алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ, жастарға ақыл-кеңесін айтты. Қарымды қаламгер өз сөзінде қазақ елінің болашағы ұлттық тәрбиеде екенін атап өтті. Кеш соңында айтулы ақын шығармаларын сүйсініп оқитын қалың оқырманымен естелік суретке түстi.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |