Адам баласының бір-біріне жәрдем беруі Алланың тілеуі. Ол – кісіліктің белгісі. Ал әр күн сайын жақсылық жасау – құтқарушының маңдайына жазылған қызметі. Өз өміріне қауіп төнсе де, басын бәйгеге тігіп, барын салатын қарапайым жандардың ержүректілігіне риза боласыз. Олардың сағат сайын атқаратын істерінің маңыздылығы мен мәнділігі өз алдына.
ҚОҒАМ
10 қаңтар 2015 г.
1 513
0
Бейсенбі күні Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйіндегі коммуникациялар орталығында облыстық ішкі істер департаменті басшылары жол жүру ережелеріне енген өзгерістер жайлы баспасөз мәслихатын өткізді.
АҚПАРАТ
10 қаңтар 2015 г.
984
0
Жыл басталысымен жергілікті орган басшылары өткен жылды қорытып, ағымдағы жылда атқарылатын міндеттерді сараптай бастады. Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйіндегі облыстық коммуникациялар орталығында алғаш болып облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
АҚПАРАТ
10 қаңтар 2015 г.
1 220
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазан Құдай ана Иконасы» православтық шіркеуіне барып, православие өкілдерін Рождество Христово мерекесімен құттықтады.
АҚПАРАТ
10 қаңтар 2015 г.
946
0
Кеше «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Рүстемовтің қатысуымен брифинг өтті. Онда басқарма басшысы өткен жылы ішкі саясат саласында атқарылған істерді кеңінен әңгімелеп, биылғы жылдың жұмыс жоспарымен таныстырды.
АҚПАРАТ
10 қаңтар 2015 г.
1 178
0
Шиелі ауданындағы "Ақмая”, "Төңкеріс”, "Бидайкөл” және "Бестам елі” шаруа қожалықтарының жері банк кепілдігінен босатылды. Бұл жөнінде Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйіндегі облыстық коммуникациялар орталығында журналистермен жүздескен Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев айтып берді. Сондай-ақ, брифингке "Ақмая” және "Бестам елі” ЖШС басшылары А.Жұмаділов пен Б.Қошқаров та қатысты.
АҚПАРАТ
10 қаңтар 2015 г.
1 084
0
Сейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі өтті. Мәжілісте Жаңа жыл мерекесі кезіндегі қоғамдық тәртіп, алдағы жылға арналған маңызды шаралар, әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу, автокөлік жолдары мен жолаушылар тасымалдауды дамыту, халық тұтынатын тауарлар бағасына қатысты мәселелер талқыланды.
АҚПАРАТ
10 қаңтар 2015 г.
1 028
0
Жерінің байлығы мол болмай, ондағы елдің еңсесі көтеріле алмайтындығы бесенеден белгілі. Рас қой, тақыр жерге ештеңе өнбесе, еңбегің еш болып, күнкөрістің өзі қиынға айналары анық. Шүкіршілік, Алаштың анасы атанған Сыр өңірінің табиғи байлығы жетерлік. Шығысыңда қарт Қаратау, батысыңда сырын ішіне бүккен Сырдария. Қаратаудың қойнауы бағалы кен байлығына бұрыннан да тұнып тұр. Ондағы сирек металдарды елдің игілігіне әлі күнге толықтай асыра алмай отырмыз. Базарлы қатынас белсенділік пен іскерлікті қажет етеді. Сондықтан ат жалын тартып мінген азаматтарымыз көзін алысқа салып, ғылым-білімге жүгініп, еңбектеніп, тырбанып ізденгені жөн секілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ДӘУЛЕТ
10 қаңтар 2015 г.
1 459
0
Құстың төресі саналатын аққулар Қызылорда облысындағы ауылдардың біріне ұшып келді. Бір жарым ай бойы олар жергілікті тұрғындардың құтты қонақтарына айналып, ерекше қамқорлығында болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қаңтар 2015 г.
1 272
0
Үстіміздегі жылдың 7-11 қаңтар аралығында Польшаның Торунь қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Mentor Nestle Torun Cup» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Сайыста жекелей сырғанау бағдарламасында сынға түскен Элизабет Тұрсынбаева кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қаңтар 2015 г.
723
0