« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Бейсенбі күні Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйіндегі коммуникациялар орталығында облыстық ішкі істер департаменті басшылары жол жүру ережелеріне енген өзгерістер жайлы баспасөз мәслихатын өткізді.
Ағымдағы жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енген заңға сай, 12 жасқа дейінгі балаларды автокөліктерде тек автокресломен тасымалдау қажет. Аталған талап орындалмаса, айыппұл төлеуге тура келеді. ОІІД бастығының орынбасары, полковник Әмірбек Шаймағамбетов ереженің 22 тарауындағы өзгерістер бойынша, жеке көлік иелерімен қоса такси жүргiзушiлері де ендi автокресло қондырғыларды өзiмен бiрге алып жүруге мiндеттелетінін жеткізді. Такси жүргiзушiсi алдыңғы орында баланы тасымалдайтын арнайы отырғышты, ал артқы орындарда үш орынға арналған арнайы қондырғыларды өзiмен бiрге жүксалғышында алып жүруi тиiс екен.
«Айыппұл көлемi 5 айлық есептік көрсеткіш. Ол шамамен 7-8 мың теңге болады. Бiр жылда үш рет ереже бұзылатын болса, жүргізуші Әкiмшiлiк кодекс баптарына сәйкес, 6 айға дейiн жүргiзуші куәлiгiнен айрылатын болады. Таксист болсын, жеке меншік көлік иесі болсын, балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлауымыз керек», - дейді департамент бастығының орынбасары.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда ел-жұрттың мазасын алып, қайыр тілеп, бал ашатындар мен тәнін сатқандарға енді 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 9 мың теңгеге жуық айыппұл салынады. «Бұл жерде адамдарға белсенді түрде тиіскендер жауапкершілікке тартылады. Яғни, құқық бұзушыдан өзге міндетті түрде жәбірленуші тарап болуы керек. Сонда ғана жәбірленушінің жауабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін белгілейміз» - дейді ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алтынбек Ахметов. Сонымен қатар, жаңа заң ережелерін таныстыру бағытында облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын бастап кеткенін айтты.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |