« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазан Құдай ана Иконасы» православтық шіркеуіне барып, православие өкілдерін Рождество Христово мерекесімен құттықтады.
Елбасының сындарлы саясатының нәтижесінде елімізде рухани келісім, дінаралық тұрақтылық пен толеранттылық өз жемісін беруде. Ортақ елімізді мекендеген барлық қазақстандықтардың нәсіліне, діліне, тіліне, діни нанымына қарамастан6 құқықтары мен бостандықтары конституцияға сәйкес қорғалуда.
Үстіміздегі жылы Конституцияның 20 жылдығы, ұлттар мен ұлыстардың басын біріктірген бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы атап өтіледі. 2015 жыл Елбасының Жарлығымен Ассамблея жылы болып жарияланды. Осы жылдар аралығында халқымыздың 30 пайызын құрайтын православие өкілдері де еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына өз үлестерін қосуда.
Облыс әкімі осы орайда ынтымақ пен бірлік, қуаныш пен бақыт тілей отырып, елімізде әрқашан да рухани келісім мен бейбітшілік орнауына тілектестігін жеткізді.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |