ӨНЕР МЕН ДӘУЛЕТ ҚОНҒАН ЖЕР

ӨНЕР МЕН ДӘУЛЕТ ҚОНҒАН ЖЕР

Кеше облыс орталығындағы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында аудандардың өнер күндерін Арал ауданы бастады. «Тербеген ән мен жырдың ақ бесігін, Армысың, Қызылорда-Ақмешітім!» атты мерекелік концертте өнерпаздар жиналған көпшілікті нағыз халықтық өнермен сусындатты. Аудан өнерпаздарының концертін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тамашалады.
АҚПАРАТ 13 қараша 2014 г. 1 135 0

ТАБЫС ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ ҚАЛАЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ?

Мемлекеттік лауазымды атқара­тын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектісі болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде салық органдарына табыс етпеуі «қасақана табыс етпеуі» болып дәрежеленеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай ҚР ӘҚБтК) 206-2 бабының 1 бөлігі бойынша осыған байланысты елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, осы баптың бiрiн­шi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.
ҚОҒАМ 12 қараша 2014 г. 2 792 0
Қызылорданың Ақтөбедегі мәдениет күндері мәресіне жетті

Қызылорданың Ақтөбедегі мәдениет күндері мәресіне жетті

Ақтөбе облысындағы Қызылорда облысының өнері мен мәдениет күндері аяқталды. «Сыр - Алаштың анасы» тақырыбында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Сыр елі өнер күндерінің гала-концерті өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2014 г. 876 0
Қызылордада 16 желтоқсанға дейін шырша орнатылмайды

Қызылордада 16 желтоқсанға дейін шырша орнатылмайды

Қызылорда облысында жаңа жыл мерекесіне дайындық 16 желтоқсаннан кейін басталады. Ал Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесі аймақта кең көлемде атап өтілмек.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2014 г. 857 0
Ақтөбе өңірінде Қызылорда облысының мәдениет күндері басталды

Ақтөбе өңірінде Қызылорда облысының мәдениет күндері басталды

Ақтөбеде Қызылорда облысының мәдениет күндері басталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қараша 2014 г. 966 0
Тоғызқұмалақтан жастар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды

Тоғызқұмалақтан жастар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, облыстық тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 5-10 қараша аралығында Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қараша 2014 г. 948 0

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЕКІНШІ БЕСЖЫЛДЫҚҚА ҚАДАМ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы Қазақ елін өсу мен өркендеудің дара даңғылына баcтап, сара соқпағына салып келеді. Экономиканы әртараптандыруды, әлем нарығындағы қазақстандық үлесті көбейтуді, сонымен қатар еліміздегі шағын және орта бизнестің мүмкіндігін мультипликациялауды көздеген бағдарлама бүгінде шикізат экспортының әлеуетін арттыруға да басымдық беріп отыр. 2010-2014 жылдарды қамтитын мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi тетiгi Қазақстанды Индустрияландыру картасы болып табылады.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 1 605 0

АУДАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев басты міндет шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамыту болып табылатынын атап өткені белгілі. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда біздің облыс көлемінде де бірқатар нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бағытта өңірлік Индустрияландыру картасы аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы бар бірқатар жобалар солтүстіктегі Қазалы ауданында қарқынмен жүзеге асырылуда.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 953 0

ҚИМЫЛДАҒАН ҚЫР АСАДЫ

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы – кешенді бағдарлама. Елбасының «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін енгізілген, қолдаудың нақты тетіктері мен жолдары көрсетілген бұл бағдарламаның игілігін ел тұрғындары көруде. Бұған қоса, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 951 0

ЖУРНАЛИСТ ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

Қазақстанның құрметті журналисі, Жалағаш және Сырдария аудандарының құрметті азаматы Ахат Жанаев күні кеше мәртебелі марапатқа ие болды. Сексеннің сеңгіріне шыққан Қазақ радиосының тарланбозы Ахат Әбжаппарұлы ғибратты ғұмырының алты асуын халыққа қызмет етуге арнаса, соның тең жартысында республикалық радионың облыстағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Сол жылдары Сыр сүлейлерінің мол мұрасын жинақтап, жыраулық өнерді тірілткен қаламгер Қорқыт күйлерін қайта жаңғыртты.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 981 0