« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев басты міндет шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамыту болып табылатынын атап өткені белгілі. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда біздің облыс көлемінде де бірқатар нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бағытта өңірлік Индустрияландыру картасы аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы бар бірқатар жобалар солтүстіктегі Қазалы ауданында қарқынмен жүзеге асырылуда.
Нақты кезеңде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыс аумағында 24 жоба Индустрияландыру картасына енгізілген. Қазір оның 14-і іске қосылып, толық қуаттылыққа шықса, қалған 10 жоба жүзеге асу жолында. Мұнан басқа, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап, Индустрияландыру картасына енгізу мақсатында барлығы 37 жоба тапсырылып, оның 30-ы мақұлданған. Ал, 7 жоба толықтырылу үшін кері қайтарылған.
Елбасының тікелей бастамасымен басталып, мемлекет басымдық беріп отырған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы экономиканы шикізатқа тәуелділіктен арылтып, нақты өнім өндіру ісін өркендетуге бағытталғаны белгілі. Бұл бағдарлама осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2010 жылы ел экономикасын әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында қабылданды. Нақты кезеңде аталған мемлекеттік бағдарламасы еліміздің түкпір-түкпірінде оң нәтиже беріп жатыр. Мәселен, биылғы жылы осы бағытта Қазалы ауданында 12 жоба іске қосылып, барлығы 159 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
Аталған аудандағы ауқымды жобалар қатарында өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың ішінде «РЗА» АҚ «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өңдеу зауыты» мен «СПК Қызылорда балық» ЖШС «Балық өңдеу зауытын іске асыру» жобалары бар.
Нақты кезеңде бұл ауданда осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Қазіргі таңда мұнда 4 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінен оң қорытындысын алса, тағы 6 жобаның құжаттары дайындалу үстінде. Осы жобалар толық іске асырылғанда 102 адам жаңа жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Облыс әкімінің тапсырмасымен жаңа өндіріс орындарын көбейту мақсатында өткен жылдан бастап «Өндірістік аймақ» ашу үшін дайындық жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығы – Әйтеке би кентінің солтүстік батыс беткейінен аталған аймақты ашуға бөлінген 12,7 га жер телімін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Биыл бұл мақсатқа 153,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін бұл жерде шағын және орта өндіріс орындары ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда мұндағы 9,4 гектар жерге жалпы құны 160 млн. теңгені құрайтын жаңа 11 жоба орналастырылып отырғанын айта кетейік.
Биылғы жылы аудандық бюджеттен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында несие алушыларға көмек көрсету үшін бизнес-жоспар әзірленіп, аудан кәсіпкерлеріне консалтингтік көмек көрсетуге қаржы бөлінген еді. Осы жұмыстар жемісін беріп, үстіміздегі жылдың 6 айында аудан кәсіпкерлеріне түрлі қаржы ұйымдары тарапынан 469 млн. теңге несие берілді. Салыстыра кететін болсақ, өткен жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазалы ауданының кәсіпкерлері 196 млн. теңге несие алған болатын. Демек, биылғы өсім 2,4 есеге артқан.
Сондай-ақ, ауылдық округтерде өз кәсібін ашып несие алуға ниет білдіріп отырған кәсіп иелерінің саны артып келеді. Үстіміздегі жылдың өзінде жалпы құны 1млрд. 19 млн. теңгені құрайтын 132 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын делдалсыз өткізу арқылы халыққа қызмет көрсету көлемін ұлғайту мақсатында аудан орталығынан «Сауда-логистикалық орталық салу» жобасы әзірленуде. Бүгінгі таңда 6 жобаны (1 автовокзал, 3 сауда орталығы, 1 тауар сақтау қоймасы, 1 сауда кешені) іске асыру мақсатында жер телімдері белгіленді. Осы жобалар іске асырылғаннан кейін тағы 100-ге жуық адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде.
Д.АЙБОЛАТҰЛЫ.
Қазалы ауданы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |