« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектісі болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде салық органдарына табыс етпеуі «қасақана табыс етпеуі» болып дәрежеленеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай ҚР ӘҚБтК) 206-2 бабының 1 бөлігі бойынша осыған байланысты елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 186 бабына сәйкес жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларациясы есепке тіркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 9-шы бабының 2-1 тармағына сәйкес, жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағындағы, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларацияны салық органына жоғарыда көрсетілген мерзімде табыс етуге міндетті. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-ның 29-бабына сәйкес, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарының туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкімшілік құқық бұзушылық «қасақана» деп танылады.
Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасы тарапынан 2014 жылдың басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 206-2 бабына сәйкес жағымсыз себептер бойынша қызметтен босатылып, алайда салық органына 3 жыл ішінде салықтық декларация тапсырмаған тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 50-ден астам хаттамалар толтырған. Аталған бап бойынша істі қарау Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының құзырында болғандықтан жоғарыда көрсетілген әкімшілік істер сот органына жолданды. Әкімшілік іс қозғау кезінде құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың басым көпшілігі осы аталған заң нормаларын білмеу салдарынан декларация тапсырмағандығы анықталды. Дегенмен, Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайтындығы белгілі. Сондықтан, Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасы салық төлемгерлерін Қазақстан Республикасының салықтық заңнамалардың талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады.
У.СЫЗДЫҚОВА,
Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |