ЖУРНАЛИСТ ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

Қазақстанның құрметті журналисі, Жалағаш және Сырдария аудандарының құрметті азаматы Ахат Жанаев күні кеше мәртебелі марапатқа ие болды.

Сексеннің сеңгіріне шыққан Қазақ радиосының тарланбозы Ахат Әбжаппарұлы ғибратты ғұмырының алты асуын халыққа қызмет етуге арнаса, соның тең жартысында республикалық радионың облыстағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Сол жылдары Сыр сүлейлерінің мол мұрасын жинақтап, жыраулық өнерді тірілткен қаламгер Қорқыт күйлерін қайта жаңғыртты.

Осынау еңбектің өтеуіндей әріптес аға "Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Қалам иесіне бұл марапатты облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов салтанатты жағдайда тапсырды.

Біз әріптес ағаға алдағы уақытта да шығармашылық жетістіктер тілейміз.

Б.БАҚТЫБАЕВ.


АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 973 0