ЖАСТАРҒА ЖАЛЫНДАҒАН ЖАРАСАДЫ

Жуырда Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі мен "Темір­қазық” жастар қоғамдық бірлес­тігінің ұйымдастыруымен "Жа­лағаш­­тық жастар – жарқын бо­лашаққа” тақырыбында жастар форумы болып өтті. Оған аудан әкімі Т.Дүйсебаев, белсенді жас­тар, ұстаздар және бірқатар мекеме басшылары қатысты. Форумның негізгі мақсаты – белсенді жастарға қолдау білдіру, олармен бірлесе жұмыс жасау, қолға алған кәсіптеріне көңіл бөлу және дамыту, жастар ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстарын жетілдіру болып табылды.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 862 0

АБАЙЛАҒАН АБЗАЛ

Өткен жексенбі күні Оңтүс­тік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы мемле­кет­тік мекемесінің кезекшілігіне қаладағы Локомотив депосының ауласында адамды темір басып қалғандығы жайында суыт хабар келіп жетті. Жасақ құтқару­шылары төтенше жағдай орын алған жерде 7 жасар баланың ой­нап жүргенінде алақанына үш­кір темір кесіндісі кіріп кет­кеніне және оның темір астында қалғандығына куә болды. Құтқарушылар теміркескішті пай­даланып, қаңылтыр қоршау­дың бір бөлігін мұқият кесті де баланы жерге түсірді. Оған әрі қарай көмекті жедел жәрдем қыз­меткерлері көрсетті.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 835 0

ЕСТЕ БОЛАР ЕРЕЖЕ

Күн күрт ысыса, өзен, көл жағалап, суға түсушілер қарасы артады. Кейде суға түсу ережесін білмегендіктен, яки белгіленген аумақтан асып кету салдарынан оқыс оқиға орын алады. Осы мәселелердің алдын алу үшін суға түсу ережесін әрбір адам білгені абзал.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 851 0

ТАЛАНТТЫЛАР

Бұл таңғажайып өмірде нелер болмаған, нелер өтпеген?! Оның қайсысын есітесің, білесің, оқисың, мүмкіндігіңе қарай ойыңа тоқисың. Қайсыбір болған оқиғалар, жағымды, жарасымды сөздер кімді де болса ойландырады, толғандырады.
ТАНЫМ 30 тамыз 2014 г. 1 568 0

ҚИЯҒА ҚАНАТ СЕРМЕГЕН

Жақында биылғы мектеп түлектерінің бір тобын көршілес Ресей мемлекетінің жоғары оқу орындарына шығарып салу рәсімі болып өтті. Аймақ басшысы К.Көшербаев­тың қолдауымен өңірдің иннова­ция­лық және индустриялық даму бағдарламасына сәйкес қа­жет­ті мамандықтардыдаярлау мақ­сатында 70 талапкер Ресей Федерациясының бюджеті есебінен Мәскеу технологиялық зерттеууниверситетіне оқуға қабылданды.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 851 0

ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ӨРКЕНДІ ӨРІСІМ

Облысымызға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов келіп, Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінің коммуникациялар орталығында семинар-тренинг өткізді. Ғалым еліміздегі этноәлеуметтік және этноконфессиялық қатынастарды ғылыми тұрғыда талдап берді.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 984 0

“АЙМАҚ -2050” ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Жуырда "Қазақстан-2050” Жалпыұлттық қозғалы­сы қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында "Аймақ - 2050” Жалпыұлттық байқауын жариялады. Осы орайда еліміздің барлық аймағында байқау өткізілуде.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 817 0

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚАДАМЫ КӨП КӨҢІЛІНЕН ШЫҒЫП ОТЫР

Атам қазақ: "Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады” деп бекер айтпаса керек. Айтса айтқандай, ел бірлігі – келешегіміздің кілті. "Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай, сақтап қалуға соншалықты жігер керек” деген Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамытуға да айрықша басымдық берген болатын. Бұл бағытта бүгінде елді мекендердің кешенді дамуына облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тікелей қолдауымен барынша көңіл бөлінуде.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 1 028 0

ШЫНАЙЫ АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН

Құрметті Қырымбек Көшербаев мырза! Сізге тамыз айында өтініш арыз жазған болатынмын. Биыл тұңғышым оқу бітіріп, тағдырын 125 сұраққа теліп қойған ҰБТ-ға қатысып, 82 балл алды. Бұдан көбірек нәтиже күткенбіз. Себебі ұлым оқу озаты еді. 11 жылғы білімін сарапқа салар тұста қобалжыды ма, әлде күйзеліске түсті ме, нәтиже осындай болды. Сосын тек қана грант керек деген шешіммен жалпы конкурсқа Елбасының "Мәңгілік ел” жобасының аясында жасалған "Серпін” бағдарламасына орай солтүстік облыстардағы оқу орындарына тапсырып көрдік. 
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 1 205 0

ХАЛЫҚ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Облыстық коммуникациялар орталығында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізіп, жұртшылықпен кездесуде көңіліне түйген мәселелерді ортаға салды. Депутаттар Парламентте қабылданған заңдардың мазмұнын, қалай жүзеге асып жатқандығын түсіндіру мақсатында халықпен жүздесулерін аяқтады.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 793 0