« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Байқаудың негізі мақсаты – өңірлердің әлеуметтік-экономикалық саласын дамыту. Осы мақсатта түрлі жобалар мен ұсыныстар қабылданып, арнайы құрылған сайыс комиссиясы олардың ішіндегі үздігін анықтайды. Нәтижесінде озық жобалар уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға ұсынылады. Бұл өз кезегінде әрбір азаматтың өз аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қосар үлесі мен Елбасының Жолдауындағы мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру болып табылады.
Сондай-ақ байқаудың шарттарына сәйкес жеке және жобалық топ құрамында "5 адамнан көп емес” ұжыммен қатысуға болады. Қатысушы ретінде тіркелу үшін www.kz2050.kz мекенжайы бойынша ұйымдастырушының ресми интернет сайтына 1 қосымша (жеке қатысушыға арналған) немесе 2 қосымшаға (жобалық топқа арналған) сәйкес берілген үлгі бойынша онлайн өтінімді толтырып, жіберу қажет. Өтінімдер биылғы жылдың 1 тамызы мен 7 қыркүйегі аралығында қабылданады. Ұйымдастырушы байқауға қатысуға берген кез келген өтінімді себебін түсіндірмей-ақ байқауға жібермеуге құқы бар. Тіркеуден ойдағыдай өткендігі туралы ресми хабарлама алған азаматтар қатысушы ретінде арнайы тренингтерге шақырылады. Тренингке қатысу міндетті болып табылады.
Сонымен қатар байқауға қатысушылар биылғы жылдың 15 қазанына дейін байқау жұмыстарын төмендегі талаптарға сәйкес тапсыру қажет. Бірінші, байқау жұмысында еліміздің 16 аймағының бірін (14 облыстың бірін, Астана мен Алматы қалаларын) әлеуметтік экономикалық тұрғыда дамыту жөнінде ұсыныстар мен оны іске асыру барысы көрініс табу керек. Онда өңірдің географиялық, индустриалдық, сервистік және кадрлық әлеуеті, сондай-ақ басым және әлсіз тұстары, талаптар мен мүмкіндіктері де ескерілуі тиісті. Екінші байқау жұмысында "Қазақстан-2050” стратегиясының, 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, өзге де бағдарламалық құжаттардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға” көшу жөніндегі тұжырымдаманың, еліміздің өңірлерін дамытудың бірыңғай бағдарламасының, өңірлерді дамытудың өзекті стратегияларының басты мақсаттары мен міндеттері көрсетілуі керек. Үшінші, әрбір қатысушы 16 аймақтың біреуіне қатысты тек бір байқау жұмысын ұсына алады.
Жұмыс мәтін түрінде болады, кесте, диаграмма, сурет, инфографика және тағы басқа көрнекі материалдарды беруге болады. Пайдаланылған материалдар мен көрнекіліктерге қосымша, сілтеме жасалуы тиіс. Жұмыстың жалпы көлемі Word форматындағы 30 беттен аспауы қажет. Негізі мәтіннің қаріпі- Times New Roman, өлшемі – 14 дағдылы кескінде болуы шарт. Байқаумен толығырақ танысу үшін жоғарыда айтылған сайттан да қарауға болады.
Байқау Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, сондай-ақ " Самұрық-Қазына” АҚ мен "Қазақстан даму банкі” АҚ қолдауымен өткізіліп отыр.
Шара соңында жеңімпаздарға қаржылай сыйлық беріліп, дипломдармен марапатталатын болады.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |