АБАЙЛАҒАН АБЗАЛ

Өткен жексенбі күні Оңтүс­тік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы мемле­кет­тік мекемесінің кезекшілігіне қаладағы Локомотив депосының ауласында адамды темір басып қалғандығы жайында суыт хабар келіп жетті. Жасақ құтқару­шылары төтенше жағдай орын алған жерде 7 жасар баланың ой­нап жүргенінде алақанына үш­кір темір кесіндісі кіріп кет­кеніне және оның темір астында қалғандығына куә болды. Құтқарушылар теміркескішті пай­даланып, қаңылтыр қоршау­дың бір бөлігін мұқият кесті де баланы жерге түсірді. Оған әрі қарай көмекті жедел жәрдем қыз­меткерлері көрсетті.

Осы орайда ата-анаға бауыр еті балаларына сақ болу, оларды әр кез назардан тысқары қалдырмау қажеттігі туындай­ды. Олардыңқалай ойнап, қайда жүргендерін бақылау қажет. Әйт­­песе, қатер жас балаға аяқ астында жолыға салары анық. Ба­лаға, оның тірлігіне сақ болайық.

Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.

ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 794 0