Жуырда Жаңақорған ауданындағы Қосүйеңкі ауылына жол түсті. Сайда ірі қарасы жайылған, шөбі шүйгін мекен екен. Бұлақ бойлай өскен жасыл ағаштар ауылдың ажарын кіргізгендей. Таза ауа, салқын леп, самал желі көкірегіңнің тынысын аша түскендей әсер қалдырады. Бұл ауылда қолөнер шебері тұрады деп естіген едік. Ата кәсіпті жалғаған жігітті танымайтын адам жоқ екен.
РУХАНИЯТ
19 тамыз 2014 г.
1 180
0
«Қайран біздің аналар арды ойлаған, Жілік шауып, ши буып, арба айдаған». Қазақтың намысы мен ұятындай болған аналар туралы ойлағанда Мұқағали Мақатаевтың осы өлеңі тілдің ұшына орала береді. Өйткені, өткен ғасырдағы аналар образы ақынның осы бір ауыз сөзіне сыйып кетіп тұр ғой. Оқ пен оттың ортасынан аман келген аталарымыз елді қайта аяғына тұрғызу үшін еңбек етті. Соғыс кезінде тылда еңбекке әбден піскен аналарымыз қатарласа жүріп көмек көрсетті. Қызу тіршіліктің әрбір буынындағы жұмысқа араласа жүріп, ұрпақ көбейтіп, өсіріп, тәрбиелегені бүгінгі күннің көзқарасымен өте қиямет тірлік сияқты. Біздің әкелерімізді жілік шауып, ши буып, күріш тасып, егін егіп, мал бағып жүріп өмірге әкелді емес пе? Жұмысқа жан-тәнімен берілгендері сондай, баланы егістік басында босанған ана аз ба? Іздесеңіз, ондай мысалды мыңдап табуға болады.
ҚОҒАМ
19 тамыз 2014 г.
1 186
0
Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары басталып кетті. Алдағы уақытта ересектер арасындағы дүниежүзілік додаларда дүбір қыздыратын дүлділ атануға басты үміткерлер бақ сынап жатқан айтулы жарыстың алғашқы күндерінде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын түсті. Сыр ұланы Бауыржан Жауынтаев чемпион атанды.
АҚПАРАТ
19 тамыз 2014 г.
1 041
0
Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов еліміз бен Кеден Одағы арасындағы тауар айналымы, жалпы ішкі өнім мен демографиялық көрсеткіштер жайлы баяндады.
БИЛІК
19 тамыз 2014 г.
1 039
0
Көптен берi Қызылорда қаласында ферроқорытпа зауыты салынатындығы жайлы айтылып жүр. Соңғы уақытта бұл жаңалық нақтылана түсті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жақында болып өткен облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында Қызылордада салынатын ферроқорытпа зауытының стратегиялық инвесторы белгіленгені туралы мәлім етті. Ол – қытайлық ірі мұнай-химиялық «Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co., Ltd» («ВАОТА») компаниясы. Бұл компанияның үлесі 33 пайызды немесе 80 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл ресурстар қоры қазірдің өзінде Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкінде сақтаулы тұр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
19 тамыз 2014 г.
5 835
0
Осыдан тура 63 жыл бұрын (1951) Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Графикалық дизайн» кафедрасының оқытушысы, график-кескіндемеші ДҮЗЕЛХАНОВ Ағымсалы Дүзелханұлы дүниеге келді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 тамыз 2014 г.
3 034
0
Өткен аптаның сенбісінде Спорт күні мерекесіне орай Қызылорда қаласында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Шара барысында сан алуан қызықты сайыстар өткізілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
19 тамыз 2014 г.
1 994
0
Өткен жылы облыс орталығын тұрақты газбен жабдықтау мәселесі шешілді. Жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегаты жаңғыртылған болатын. Биылда ауқымды жұмыстар ақтарылатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 тамыз 2014 г.
872
0
Биылғы жылдың осы күніне дейін 87,5 млн. теңгенің өнімдері базар бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды, деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 тамыз 2014 г.
771
0
PDF
19 тамыз 2014 г.
846
0