« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов еліміз бен Кеден Одағы арасындағы тауар айналымы, жалпы ішкі өнім мен демографиялық көрсеткіштер жайлы баяндады.
Төрағаның айтуынша, Қазақстан мен Кеден одағы арасындағы тауар айналымы шамамен 9 млрд. долларды құрап отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басында Ұлттық Банктің айырбас валюта курсын түзетуі мен Үкіметтің ішкі нарықта импорт алмастыру саясатын жүргізуі Ресейден Қазақстанға келетін импортты 24 пайызға төмендетті.
Осы жылғы қаңтар-шілде аралығында еліміздің жалпы ішкі өнім өсімі 4 пайызды құрады.
1 шілдедегі мәлімет бойынша еліміздегі халық саны 17 млн. 284 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар – 9 млн. 523 мың (55,1 пайыз), ауыл тұрғындары – 7 млн. 761 мың (44,9 пайыз) болып отыр.
Комитет төрағасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері еліміздегі халық саны 124 мың адамға немесе 0,7 пайызға артқан. Ал 2013 жылғы 1 шілдеден бері жалпы халық саны 256 мыңға немесе 1,5 пайызға көбейген.
Брифингте 2014 жылғы қаңтар-маусым айларында республика халқының табиғи өсімі 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,2 мың адамға немесе 6,9 пайызға көбейгені белгілі болды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |