« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Өткен аптаның сенбісінде Спорт күні мерекесіне орай Қызылорда қаласында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Шара барысында сан алуан қызықты сайыстар өткізілді.
Спорт күні мерекесінің шымылдығы Президенттік саябақтан басталған велошерумен түріліп, оған қатысушылар Абай даңғылы арқылы өтіп Орталық алаңда шеруді түйіндеді. Оған 400-ге жуық спортшы қатысты. Орталық алаңда 4 мыңға жуық адамның қатысуымен гимнастикалық жаттығулар ұйымдастырылды. Сала мамандарын облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова құттықтап, бірқатар азаматтар мен спортшыларға облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті.
Аталмыш шара барысында спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Олардың арасында «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, тоғызқұмалақтан жаттықтырушы Қырмызы Секина мен «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстың аға жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов бар.
Осы күні «Евразия» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Бірінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ресей, Өзбекстан, Қазақстан елдерінен 24 спортшы қатысты.
Әділжан ҮМБЕТ.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |