ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАЗАҚ ҮЙДІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ БОЛДЫ

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАЗАҚ ҮЙДІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ БОЛДЫ

Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйінде электронды қазақ үйдің таныстырылымы болып өтті. Қазақтың мәдени-рухани құндылықтарын насихаттап, келешек ұрпақты бабалар сөзімен сусындату мақсатында жасалынған киіз үйді жобаның жауапты редакторы Жарқын Сәленұлы көпшілікке таныстырды.
АҚПАРАТ 19 шілде 2014 г. 1 057 0

Дұрыс тамақтану аурудың алдын алады

Алдыма келген науқас кісімен бірге мен де қиналамын. Адамның басты байлығы – денсаулығының ақауы қоғам үшін де тиімсіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қа­зақ­стан халқына арнаған Жолдауында салауатты өмір салтына тегіннен-тегін алаңдаушылық білдіріп отырған жоқ. Өйткені оны қалыптастырудың маңызы орасан зор. Мына бір деректерге назар аударып көрейікші. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша адам денсаулығы өмір сүру салтына – 53%-ға тәуелді болса, қоршаған ортаға – 20%, генетикаға – 18%, ал денсаулық сақтау ұйымдарына 10% тәуелді болады екен.
ҚОҒАМ 19 шілде 2014 г. 2 148 0

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖАҢА АҚПАРАТТЫ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармалары мен жеке тұлғалардың сұраулары бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалардың берілу тәртібі ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы №1486 Қаулысымен бекітілген "Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызмет көрсету стандарты талаптарына сәйкес жүзеге асырылған. Алайда Үкіметтің биылғы жылғы №505 Қаулысымен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат беру” мемлекеттік қызмет стандарты бекітіліп, бұрынғы стандарттың күші жойылды.
АҚПАРАТ 19 шілде 2014 г. 1 060 0

КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА!

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Шиелі ауданының орталығында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұлықтау мақсатында «Тағзым алаңы» салынуда. Тағзым алаңына ауданымыздан майдан даласына аттанған азматтардың есімдері мәңгілікке жазылатын болады. Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтарды түгендеу жұмстары жүргізіліп, аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайы парақша ашылып (www.shieli.gov.kz), ардагерлер тізімі орналастырылған.
АҚПАРАТ 19 шілде 2014 г. 949 0

ЖҰМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жақында Сырдари­я ау­дан­дық жұмыспен қам­­ту және әлеу­меттік бағ­дар­ламалар бө­лімінде бос жұмыс орындары­на жәр­меңке өтті. Көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген шараны өткізу қарсаңында жұртшылық көп жиналатын орындарға парақшалар ілініп, жергілікті басылым­да хабарландырулар беріл­ген. 
АҚПАРАТ 19 шілде 2014 г. 878 0

Жадыны сақтаудың 10 әдісі

1. Кітап оқыңыз Кітапты оқу барысында жадыңызды кейіпкерлердің мінез-құлқын, сезімін және уақиғалар жайлы ақпаратты жаттауға мәжбүрлейсіз. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруына себепші болады. Оқу сіздің зияткерлігіңізді жетілдіріп, сөздік қорыңызды байытады.
ТАНЫМ 19 шілде 2014 г. 1 656 0

РАХМЕТТІҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

Расында, рахметтің құны қанша дегеннің өзі қызық сұрақ. Өйткені нақты құны жоқ, саналық сыйластықтың сипаты секілді. Жасыратыны жоқ, кешегі кеңестік заманда рахметтің берекесі бар еді. Бір ауыз жылы сөз арқылы ықыласқа ықылас қоятын. Ал қазір құны қайтқандай, құты қашқандай. Ризашылықтың жеңіл түрі, не белгісі іспетті. Неліктен бұлай?
ҚОҒАМ 19 шілде 2014 г. 772 0

ҚАРА КЕМПІРДІҢ ҰЛЫ МЕН КЕЛІНІ

Әбіләзи жасынан қалжыңбас болып өсті. Қағытпа сөзге кеткен. Жүрген жерін күлкіге көміп жүргені. Үйде де сол, қайдағыны тауып айтқыш әзір-жауап. Анасы: «Жасыңда қалжыңбас болсаң, қартайғанда мылжыңбас боласың» деп ескертсе де қоймайды. Қоралы жаннан шаңыраққа ие болып қалған екеуі – шешесі мен өзі. Іші пысып еріккенде «тиісетіні» осы қолтоқпақтай қара кемпір. Өңі көмір түстес болғандықтан шешесіне «Африканка» деп ат қойып алған. Күн бүгін жексенбі еді. Әбіләзидің жақсы көретін күні. «Категория жизни» деген кітапты түннің бір уағына дейін оқимын деп кеш тұрған. Күнде таңмен талас тұрып ағыл-тегіл терлегенше жүгіретін. Таңертеңгілік жаттығуды содан кейін жасайтын. Ұйқыдан кеш оянғандықтан бүгін жүгірген жоқ. Бірден жаттығуға кіріскен.
ӘДЕБИЕТ 19 шілде 2014 г. 1 753 0